Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2012.03.26 № 109-315 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19, 20, 44-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту өткізілсін.
2. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандары шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау мақсатында қалалық шақыру комиссиясы бекітілсін.
2-қосымшаға сәйкес қалалық шақыру комиссиясының мүшелері түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссияның резервтік құрамы бекітілсін.
3. 3-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Алматы ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.
4. 4-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Есіл ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.
5. 5-қосымшаға сәйкес Астана қаласы Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының жеке құрамы және жұмыс кестесі бекітілсін.
6. 6-қосымшаға сәйкес Астана қаласы қалалық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін.
7. "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмектермен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін.
8. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын және жұмыссыз азаматтардың (15 адамнан) 2011 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан кезеңінде Астана қаласы Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына келуін қамтамасыз етсін.
9. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамалары қатарына шақырылған шақырылушыларды тасымалдау үшін шақыру комиссиясын Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұсынған өтінімдерге сәйкес көлікпен қамтамасыз етсін.
10. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі 2011 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан кезеңінде шақырылудан жалтарған азаматтарды әкелуді, сонымен қатар шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберу және жеткізуде қоғамдық тәртіптің сақталуын қалалық жиналу пункті қамтамасыз етсін.
11. "Астана станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімі" мемлекеттік мекемесі темір жол станцияларының отырғызу жерлерінде қоғамдық тәртіптің сақталуына шаралар қабылдасын.
12. "Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қалалық жиналу пунктінде әскерге шақырушылар арасында жаппай спорттық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырсын.
13. "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы мақсаттар үшін бөлінген қаражат шегінде жалпыға бірдей әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
14. "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі:
осы қаулыны Астана қаласының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
осы қаулының орындалуы туралы Астана қаласының әкімдігіне 2011 жылғы 15 шілдеге дейін және 2012 жылғы 15 қаңтарға дейін ақпарат берсін.
15. "2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 33-339қ (Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 мамырда № 626 болып тіркелген; 2010 жылғы 20 мамырдағы "Астана ақшамы" газетінің № 52 нөмірінде және 2010 жылғы 25 мамырдағы "Вечерняя Астана" газетінің № 59 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
16. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
17. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов
Астана қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 33-206қ қаулысына
1-қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының
құрамы
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2011.11.23 № 33-1242қ (осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мұхамеджанов |
- "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы, қалалық шақыру комиссиясының төрағасы; |
Ибрагимов |
– "Астана қаласының Жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Мұхитов |
- "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; |
Әубәкіров |
– "Астана қаласының Қорғаныс істері |
Петренкова |
- № 3 қалалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы. |
Астана қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 33-206қ қаулысына
2-қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының (резервтік)
құрамы
Шабалин |
- "Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі әскери қызметшілерді келісім-шарт және шақыру бойынша іріктеу басқармасының бастығы, қалалық шақыру комиссиясының төрағасы; |
Жантеміров |
- "Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі жұмылдыру дайындығы бөлімінің бастығы, қалалық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары. |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Бейсеев |
- "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; |
Тян |
- № 3 емхананың терапевт–дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы; |
Әбілғазинова |
- № 3 қалалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы. |
Астана қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 33-206қ қаулысына
3-қосымша
Алматы ауданы шақыру комиссиясының
құрамы
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2011.11.23 № 33-1242қ (осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қасымов |
- "Астана қаласы Алматы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасы; |
Көркембаева |
– "Астана қаласының "Алматы" ауданы |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Әбенов |
– "Астана қаласы "Алматы" ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік |
Бүтінбаева |
– "№ 3 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері; |
Петренкова |
- № 3 қалалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы. |
Астана қаласы Алматы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 9.00-ден 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.
Астана қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 33-206қ қаулысына
4-қосымша
Есіл ауданы шақыру комиссиясының
құрамы
Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2011.11.23 № 33-1242қ (осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қасымов |
- "Астана қаласы Алматы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасы; |
Симанбаев |
- Есіл ауданы әкімінің кеңесшісі, аудандық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары. |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Балғабеков |
– "Астана қаласының "Есіл" ауданының |
Бүтінбаева |
– "№ 3 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері; |
Петренкова |
- № 3 қалалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы. |
Астана қаласының Алматы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 9.00-ден 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.
Астана қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 33-206қ қаулысына
5-қосымша
Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының
құрамы
Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2011.11.23 № 33-1242қ (осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қасымов |
- "Астана қаласы Сарыарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасы; |
Ахметов |
- Астана қаласының Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Қажыақпаров |
– "Астана қаласының Сарыарқа |
Тян |
- № 3 қалалық емханасының терапевт-дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы; |
Асамбаева |
- № 3 қалалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы. |
Астана қаласы Сарыарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес аудандық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі 14.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) белгіленсін.
Астана қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 33-206қ қаулысына
6-қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының жұмыс кестесі
Р/с № |
Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар |
Комиссияның жұмыс күндері, |
|||||
сәуір |
мамыр |
маусым |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
||
1. |
Алматы ауданы |
1, 5, 7, 11, 13, 15, 19, 20, 22, 26, 28 |
3, 5, 12, 16, 18, 20, 24, 26, 30 |
1, 8, 15, 22, 29 |
3, 5, 7, 11, 13, 17, 19, 21, 25, 27, 31 |
2, 4, 8, 10, 14, 16, 18, 22, 24, 28, 30 |
7, 14, 23, 28 |
2. |
Есіл ауданы |
1, 5, 7, 11, 13, 15, 19, 20, 22, 26, 28 |
3, 5, 12, 16, 18, 20, 24, 26, 30 |
1, 8, 15, 22, 29 |
3, 5, 7, 11, 13, 17, 19, 21, 25, 27, 31 |
2, 4, 8, 10, 14, 16, 18, 22, 24, 28, 30 |
7, 14, 23, 28 |
3. |
Сарыарқа ауданы |
4, 6, 8, 12, 14, 18, 21, 25, 27, 29 |
4, 11, 13, 17, 19, 23, 25, 27, 31 |
3, 10, 17, 24 |
4, 6, 10, 12, 14, 18, 20, 24, 26, 28 |
1, 3, 7, 9, 11, 15, 17, 21, 23, 25, 29 |
2, 9, 21 |