Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2012.05.14 № 111-543 (қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 21 қаңтардағы, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Астана қаласы прокуратурасының 2011 жылғы 22 тамыздағы № 7-07/11657 наразылығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сауда қызметін реттеудің кейбір мәселелері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 26-485қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2011 жылғы 30 маусымда № 684 тіркелді, "Вечерняя Астана" газетінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 78 (2688) нөмірінде, "Астана ақшамы" газетінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 74 (2684) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшада "Астана қаласында көлік құралынан жеміс-көкөніс өнімі саудасын ұйымдастыру үшін белгіленген орындар" деген сөздер "Астана қаласында жеміс-көкөніс өнімдерінің көшпелі саудасын ұйымдастыру үшін белгіленген орындар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада кестенің атауында "Автомашинадан сату орындары" деген сөздер "Көшпелі сауданы ұйымдастыруға арналған орындар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшадағы 22-29 жолдар алынып тасталсын;
2-қосымшада "Астана қаласы бойынша жылдам дайындалатын өнімді сату бойынша жылжымалы фургондардың орналасу орындары" деген сөздер "Астана қаласы бойынша жылдам дайындалатын өнімді сату бойынша автодүкендердің орналасу орындары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшада кестенің атауында "Автомашинадан сату орындары" деген сөздер "Автодүкендерден сату орындары" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-қосымшадағы 19 жол алынып тасталсын;
6, 7-қосымшалар алынып тасталсын.
2. "Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулыны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және Астана қаласы әкімінің интернет ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке жүктелсін.
Әкім И. Тасмағамбетов
Әкімнің орынбасары Қ. Сұлтанбеков
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің меңгерушісі Д. Досқұлов
"Астана қаласының Кәсіпкерлік
және өнеркәсіп басқармасы"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы Қ. Ертуғанов