Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 16.02.2015 № 98 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде жалпы жұмыс орны санының бір пайызы көлемінде кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А. Таласбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
Аудан әкімі Е.Сағдиев