Целиноград аудандық мәслихатының 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 253/38-4 "Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 300/46-4 шешімі. Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 қаңтарда № 1-17-159 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012 жылғы 3 мамырдағы № 36/5-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012.05.03 № 36/5-5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Cтандартының 11 тармағына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 253/38-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-17-152 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 маусымда аудандық «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1 тармақтың 9 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «мүгедектерге: кресло-арбалар алу үшін, бір жолғы, елу мың теңге мөлшерінде; сурдо-тифлотехникалық құралдар алу үшін, бір жолғы, жиырма мың теңге мөлшерінде; санаторлық-курорттық жолдамалар алу үшін, бір жолғы, елу мың теңге мөлшерінде;
      өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге жетпіс мың теңге мөлшерінде»;
      келесі мазмұндағы 1-1. тармағымен толықтырылсын:
      «1-1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
      барлық санаттар үшін:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      шот нөмірі көрсетілген алушының банктік шотын растайтын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі,
      қосымша:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, жасы кәмелетке толмаған бұрынғы концлагердің тұтқындарына: жеңілдік санатына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      барлық санаттағы мүгедектерге: мүгедектігі жөнінде анықтаманың көшірмесі, мүгедекті оңалту жеке бағдарламасы үзіндісінің көшірмесі;
      туберкулезбен ауыратындарға: медициналық мекеменің анықтамасы;
      аз қамтылған азаматтарға: отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын кірісі туралы анықтамасы;
      ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледж студенттерінің күндізгі бөлімінде оқу төлемақысын: оқу орнын растайтын анықтамасы, оқу келісім шартының көшірмесі, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөнінднгі орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Целиноград аудандық бөлімшесімен берілген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы және «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен берілген аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
      өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Целиноград ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мемлекеттік мекемесінің актісі.
      Құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі, өтініш берілген күні түпнұсқалары қайтарылып беріледі».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы               Д.Қамзебаев

      Целиноград аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Мәжіренов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Целиноград ауданының әкімі                 М.Жүнісов

      «Целиноград ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Мұзагельдиев

О внесении изменения и дополнения в решение Целиноградского районного маслихата от 28 апреля 2011 года № 253/38-4 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в Целиноградском районе"

Решение Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 13 декабря 2011 года № 300/46-4. Зарегистрировано Управлением юстиции Целиноградского района Акмолинской области 12 января 2012 года № 1-17-159. Утратило силу - решением Целиноградского районного маслихата Акмолинской области от 3 мая 2012 года № 36/5-5

       Сноска. Утратило силу - решением Целиноградского районного  маслихата Акмолинской области от 03.05.2012 № 36/5-5 (вводится в действие со дня официального опубликования)
В соответствии со статьей 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 15 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года, пунктом 11 Стандарта государственной услуги «Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемой местными исполнительными органами» от 7 апреля 2011 года № 394, Целиноградский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Целиноградского районного маслихата «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в Целиноградском районе» от 28 апреля 2011 года № 253/38-4 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-17-152, опубликовано 3 июня 2011 года в районных газетах «Призыв», «Ұран») следующие изменение и дополнение:
      абзац 9 пункта 1 изложить в новой редакции:
      «инвалидам: для приобретения кресел-колясок единовременно, в размере пятидесяти тысяч тенге; для приобретения сурдо-тифлотехнических средств единовременно, в размере двадцати тысяч тенге; для приобретения санаторно-курортных путевок единовременно, в размере пятидесяти тысяч тенге;
      пострадавшим при пожаре и других чрезвычайных обстоятельствах в размере семидесяти тысяч тенге»;
      дополнить пунктом 1-1. следующего содержания:
      «1-1. Для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан необходимо предоставить в государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Целиноградского района» следующие документы:
      для всех категорий:
      заявление лица, имеющего право на данную социальную помощь;
      копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      копию документа, подтверждающего наличие банковского счета получателя с указанием номера счета;
      копию документа, подтверждающего проживание;
      дополнительно:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, труженикам тыла, бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей: копию документа, подтверждающего принадлежность к льготной категории;
      инвалидам всех категорий: копию справки об инвалидности, копию выписки из индивидуальной программы реабилитации инвалида;
      больным туберкулезом: справку медицинского учреждения;
      малообеспеченным гражданам: справку о доходах членов семьи за предыдущий квартал, среднедушевой доход которых не превышает прожиточного минимума;
      студентам из малообеспеченных и многодетных семей, проживающих в аульной (сельской) местности, на оплату дневной формы обучения в колледжах: справку, подтверждающую место обучения, копию договора на обучение, справку, подтверждающую статус многодетной семьи Целиноградским районным отделением Республиканского казенного предприятия «Государственный Центр по выплате пенсий», и справку, подтверждающую статус малообеспеченной семьи с государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ Целиноградского района;
      пострадавшим при пожаре и других чрезвычайных обстоятельствах: акт государственного учреждения «Отдел по чрезвычайным ситуациям Целиноградского района Департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.
      Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего возвращаются заявителю в день подачи заявления».
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      сессии Целиноградского
      районного маслихата                        Д.Камзебаев

      Секретарь Целиноградского
      районного маслихата                        Б.Мажренов

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Целиноградского района                М.Жунусов

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел занятости
      и социальных программ
      Целиноградского района»                    А.Мурзагельдиев