Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімінің 2012.10.03 № 8 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес Әйтеке би ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын, 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Әйтеке би ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тіркеу өткізу шараларын орындауға қатысты шығындар, жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
2. Ұсынылсын:
1) Әйтеке би ауданы орталық ауруханасы (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар жүргізсін;
2) Әйтеке би аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
3. Селолық округтер әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде әскер жасына дейінгілерді және шақырушыларды хабардар етуді, олардың дер кезінде "Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
4. "Әйтеке би ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдасын. Тіркеу қорытындысы туралы 2012 жылдың 11 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Рахметовке және "Әйтеке би ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Танкиевке жүктелсін.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан Әкімі | Е.Есенбаев |