Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жаңаталап ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 4 хаттамасы негізінде, Қобда ауданы Жаңаталап ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жанаталап ауылдық округі әкімінің 15.03.2017 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жаңаталап ауылының келесі көшелеріне атаулар берілсін:
1) Қайрат Рысқұлбеков көшесі;
2) Иван Пятковский көшесі;
3) Александр Липовой көшесі.
2. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімінің 13.01.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаталап ауыл округінің әкімі | А. Муратов |