Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі әкімінің 03.03.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жарсай ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 25 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Жарсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі әкімінің 03.03.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жарсай аулының төмендегі көшелеріне атау берілсін:
1) Михаил Калинин көшесі;
2) Виктор Пацаев көшесі;
3) Имангалий Білтабанов көшесі;
4) Әлия Молдағұлова көшесі;
5) Яков Работягов көшесі;
2. Ақсай ауылының төмендегі көшелеріне атау берілсін:
1) Абай Құнанбаев көшесі;
2) Астана көшесі;
3. Қарағанды ауылының төмендегі көшелеріне атау берілсін:
1) Шоқан Уәлиханов көшесі;
2) Желтоқсан көшесі;
4. Жарсай ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
1) 70 лет Октября көшесі - Тәуелсіздік көшесі;
2) Комсомольская көшесі - Достық көшесі;
3) Студенческая көшесі - Студенттер көшесі
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Р.Байгельдинова |