Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 06.04.2017 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жарық ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 06.04.2017 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қанай ауылының көшелеріне төмендегі атау берілсін:
1) Қуаныш Бекеев көшесі;
2) Қобыланды батыр көшесі.
2. Ащығара ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:
1) Басығара Баядилов көшесі.
3. Ортақ ауылының көшелеріне төмендегі атау берілсін:
1) Достық көшесі;
2) Жақан Мұқатов көшесі.
4. Жаманкөл ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:
1) Шәріп Иржанов көшесі
5. Жарық ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
1) Степная көшесіне – Абдолла Жанзақов көшесі;
2) Тоқтар Аубакиров көшесіне – Астана көшесі;
3) Строительная көшесіне – Алия Молдағұлова көшесі;
4) Октябрь көшесіне – Желтоқсан көшесі;
5) Комсомольская көшесіне – Қайрат Рысқұлбеков көшесі;
6) Зеленая көшесіне – Әжіғали Орынбаев көшесі;
7) Новая көшесіне – Балдай Танабаев көшесі;
8) Мира көшесіне – Мұқан Тәжіғұлов көшесі.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі | Е.Мухамедгалиев |