Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 09.03.2017 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жиренқопа ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 3 маусымдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Жиренқопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 09.03.2017 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жиренқопа ауылының көшелері мен тұйық көшесіне төмендегі атаулары берілсін:
1) Александр Шиковский көшесі
2) Әлия Молдағұлова көшесі
3) Амангелді Иманов көшесі
4) Әліби Жангелдин көшесі
5) Абай Құнанбаев көшесі
6) Жастар тұйық көшесі
2. Тентекқара ауылының көшесіне төмендегі атауы берілсін:
1) Абай Құнанбаев көшесі
3. Жиренқопа ауылының келесі көшелері мен тұйық көшесінің атауы өзгертілсін:
1) Юбилейная көшесі – Исатай Тайманов көшесі;
2) Ленина көшесі – Қобыланды көшесі;
3) Новая көшесі – Желтоқсан көшесі;
4) 60 лет Октября көшесі – Сәкен Сейфуллин көшесі;
5) Степная көшесі – Ыбрай Алтынсарин көшесі;
6) Набережная көшесі – Тұрар Рысқұлов көшесі;
7) Садовая тұйық көшесі – Ардагер тұйық көшесі;
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі | Б.Алипов |