Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2012.03.12 № 75 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4 тармақшасына, 9, 18-1 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін, меншік түрлеріне қарамастан бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерден басқа кәсіпорындар мен ұйымдар «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісім-шартқа отырып, жұмыссыз азаматтарды еңбек шарттарына сәйкес жұмысқа қабылдауды жүзеге асырсын.
2. «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.А.Алматбаева):
1) белгіленген жоспар бойынша және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде мекемелер берген қажеттілікке сәйкес, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша орналастыру үшін жолдансын;
2) жұмыс берушілермен келісім шартқа отыру кезінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысының көлемі олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес белгіленсін;
3) әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысын жұмыс берушілерге жиырма алты мың тенгеден аспайтын мөлшерде ішінара өтеу жергілікті бюджеттен жүргізілсін. Қаражат келісім-шартқа отырған ұйымның есеп-шотына бағытталсын.
3. "Мәртөк аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Қ.Рысқалиев) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі М.Елеусізов
Мәртөк ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 26 мамырдағы
№ 172 қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынып
отырған шаруа қожалықтарының тізімі
№ | Кәсіпорындар мен ұйымдардың атаулары | Жұмыс орындарының саны | Әлеуметтік жұмыстардың орындалатын түрлері | Шарт бойынша жұмыстардың көлемі(мың. тенге) |
---|---|---|---|---|
1 |
«Жалын» шаруашылық қожалығы |
2 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
160 |
2 |
«Ерсамат» шаруашылық қожалығы |
2 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
160 |
3 |
«Заря-1» шаруашылық қожалығы |
2 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
160 |
4 |
«Юг» шаруашылық қожалығы |
1 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
80 |
5 |
«Мрия» шаруашылық қожалығы |
2 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
160 |
6 |
«Дала» шаруашылық қожалығы |
2 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
160 |
7 |
«Жазит» шаруашылық қожалығы |
2 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
160 |
8 |
«Сэби» шаруашылық қожалығы |
2 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
160 |
9 |
«Даулен» шаруашылық қожалығы |
2 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
160 |
10 |
«Серік» шаруашылық қожалығы |
2 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
160 |
11 |
«Фиалка» шаруашылық қожалығы |
3 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
240 |
12 |
«Дияр-Ата» шаруашылық қожалығы |
2 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
160 |
13 |
«ҚызылЖар» өндірістік кооператив |
3 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі жұмысшылардың функцияларын орындау |
240 |
Барлығы: |
27 |
2160 |