Ескерту. Қолдану мерзімі өтуіне байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімі аппаратының жетекшісінің 2012.03.02 № 04-2/354 Хаты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына, 23 бабына, 44 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысы негізінде аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ (келісім бойынша) шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
3. Қала, кент, селолық округтерінің әкімдері шақыруды жүргізуді ұйымдастырып, мерзімді әскери қызметті өткеру үшін шақырылған азаматтарды жөнелту үшін қажетті шаралары алынсын.
4. "Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ (Н.Сарсенбаев, келісім бойынша) аудан әкіміне жылына бір рет осы қаулының орындалуы жөнінде атқарылған жұмыс туралы ақпарат берілсін.
5."Темір аудандық орталық аурухана" МКҚК (Е.Балбосынов, келісім бойынша):
1) медициналық куәландыру өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясының қарамағына қажетті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар білікті дәрігер-мамандар, сондай-ақ орта буынды медициналық қызметкерлер бөлінсін;
2) "Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ (келісім бойынша) диспансерлік есепте тұрған шақырушылар тізімін, сол сияқты ауыратын шақырушылардың жеке карталары жеткізілсін;
3) шақыру комиссиясы қажетті құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз етілсін;
4) шақыру кезеңінде стационарлық емделуде жатқан әскерге шақырушылар туралы "Темір ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ хабарлансын.
6. "Темір аудандық ішкі істер бөлімі" ММ (А.Даулетов, келісім бойынша) шақыру кезеңіне қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция нарядін бөлсін, әскери қызметке шақырылудан жалтарушы тұлғаларды жеткізуді қамтамасыз етсін.
7. "Темір аудандық қаржы бөлімі" ММ (М.Ниязмбетов) 2011 жылға арналған аудандық бюджетте белгіленген мөлшерде, азаматтарды шақыру бойынша шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
8. "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Қ.Бакиев) шақыру кезеңіне техникалық жұмыстар атқару үшін жұмыссыз азаматтар санынан қоғамдық жұмысшыларды бөлсін.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауовқа жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Қаниев |
Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 59 қаулысымен бекітілген |
Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Сарсенбаев - аудандық қорғаныс істері
Нұрболат Өтеуұлы жөніндегі бөлімінің бастығы,
комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Қалауов - аудан әкімінің орынбасары,
Нұржауған Серікұлы төрағасының орынбасары
Сатаева - аудандық орталық дәрігерлік
Мақпал Амитқызы комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Қуанов - аудандық ішкі істер бөлімі
Еркін Төреханұлы бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Кушбаева - комиссия хатшысы
Гүлнар Ізғалиқызы