Ескерту. Қолдану мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2012.03.30 № 27 Хаты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы " Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3- тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ретінде жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілетін болып бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 тамызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихаттың |
сессиясының төрайымы: | хатшысы: |
Қ.АЛТЫМОВ | Б.БИСЕКЕНОВ |