Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі 1, 2, 3 тармақтарындағы "аула" сөзі "села" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 17.03.2017 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қаратал ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Ш.Берсиев;
2) Қ.Ержанов;
3) Ақтөбе;
4) Астана;
5) Ө.Бақаев;
6) И.Қарағұлов;
7) Конституция;
8) Ж.Жүсібәлиев;
9) Республика;
10) Бейбітшілік;
11) З.Баймолдина;
12) Көкжар;
13) Тәуелсіздік;
14) Сүлеймен әулие;
15) Қобыланды батыр;
16) Ә.Молдағұлова.
2. Құмжарған ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Ш.Берсиев;
2) Қ.Ержанов;
3) Республика;
4) Астана.
3. Қарасу ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Ш.Берсиев;
2) Бейбітшілік.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі: | А. Мубараков |