РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 75-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық меншік нысандарын кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға беру Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 22 "Кәсіпорындардың мүліктік кешендері мен акционерлік қоғамдардың (Алматы облысы әкімдігінің коммуналдық меншігі) мемлекеттік акциялар пакетін сенімді басқаруға өткізіп беру Ережелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 7 мамырдағы N 1129 нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 5 маусымда N 62 "Огни Алатау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Д.Тәкеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұсаханов
Алматы облысы әкімдігінің
"Коммуналдық меншік нысандарын
кейіннен сатып алу құқығымен
(құқығынсыз) сенімгерлікпен
басқаруға беру Қағидасын
бекіту туралы" 2011 жылғы
10 тамыздағы N 164 қаулысымен
бекітілген
Коммуналдық меншік нысандарын кейіннен сатып алу құқығымен
(құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға беру Қағидасы
Коммуналдық меншік нысандарын кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" N 413-IV Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жасақталған және коммуналдық меншік нысандарын (бұдан әрі - нысан) кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға беру, оның ішінде тендер өткізу, сенімгерлікпен басқарушылармен келісім-шарт жасату және олармен шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада Заңда және өзге де заңнамалық актілерде көрсетілген мағынада қолданылатын ұғымдар, сондай-ақ келесідей терминдер мен ұғымдар қолданылады:
1) уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық меншікті басқаруға жергілікті атқару органдарымен өкілеттігі берілген атқарушы орган; облыстық коммуналдық меншік бойынша – Алматы облысы қаржы басқармасы; аудандық коммуналдық меншік бойынша – аудан және қала әкімдіктерінің қаржы бөлімдері.
2) тендер - конкурстық сауда түрі.
3) тендер жеңімпазы – тендер шарттары бойынша ең жақсы ұсыныс енгізген және тендерлік комиссияның шешімімен жеңімпаз болып танылған тендер қатысушысы.
4) тендерлік комиссия – нысанды кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға табыстау бойынша тендерді өткізу үшін уәкілетті орган құрған орган.
5) тендердің қатысушысы – тендерге қатысуға үміт артқан жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға.
6) бастапқы құны – оны кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушының есебі негізінде тендерлік комиссия бекіткен нысанның құны.
2. Нысанды кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беру тендер өткізбей немесе тендер өткізумен жүзеге асырылады.
3. Кейіннен сатып алу құқығымен нысанды сенімгерлікпен басқаруды құрған жағдайда тендер өткізу міндетті болып табылады.
4. Нысанды кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлікпен басқаруға (тендер өткізбей немесе тендер өткізумен) беру туралы шешім облыстық коммуналдық меншік бойынша – облыс әкімдігімен;
аудандық (қалалық) коммуналдық меншік бойынша – аудан және қала әкімдіктерімен (сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы) қабылданады.
5. Сенімгерлікпен басқарушының нысанды сатып алу шарты сенімгерлікпен басқарудың келісім-шартымен белгіленеді. Келісім-шартта нысанның сенімгерлікпен басқарушының меншігіне ауысу шарты мен мерзімі көрсетіледі.
Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлік басқару келісім-шарт талаптарын өз деңгейінде орындаған жағдайда ғана оған нысанды сатуға рұқсат беріледі.
6. Сенімгерлікпен басқарушы келісім-шарт талаптарын өз деңгейінде орындаған жағдайда нысанды оған келісім-шарт мерзімі біткенге дейін жеке меншікке сатуға рұқсат беріледі.
7. Сенімгерлікпен басқару құрылған жағдайда уәкілетті орган:
1) Нысанды кейіннен сатып алу құқығымен және құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беру жөнінде тендер ұйымдастырады.
2) кепілдік жарнаны белгілейді.
3) Нысанның бастапқы құнын бағалау актісіне сәйкес бекітеді.
4) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі жөнінде заңнамасына сәйкес нысанды бағалау бойынша қызмет көрсету үшін келісім-шарт жасайды.
5) тендер шарттарын және басқа да қосымша талаптар жасап, бекітеді.
6) сенімгерлікпен басқарушымен келісім-шарт жасайды.
8. Тендер шарттары болып келесі ұсыныстар қаралуы мүмкін:
1) нысанды инвестициялаудың көлемі, түрі және мерзімі.
2) өндіріс көлеміне, көрсетілетін қызметтің немесе шығарылатын өнімнің түрі мен номенклатурасы.
3) баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулер.
4) табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізу.
5) бар жұмыс орындарының мөлшерін сақтау немесе жаңасын құру.
6) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын пайдалану тәртібі.
7) кәсіпорынның негізгі қызмет түрін сақтау.
8) кәсіпорынның қаржылық сауықтыру бағдарламасының болуы (заңды тұлғалардың мүліктік кешені берілген жағдайда) оның ішінде:
пайданы көбейту мақсатында қаржылық көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі ұсыныстар;
тиімді шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында өндіріс құрылымын, техникалық-технологиялық базасын жаңғырту жөніндегі ұсыныстар;
маркетингілік қызметті ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар;
аса пайдалы шарттарымен қажетті қаражатты тартумен кәсіпорынды қаржылық тұрақтандырудың (сауықтыру) қолданыстағы механизмдар бойынша ұсыныстар.
9) белгіленген мерзімде нысан бойынша берешекті өтеу;
Нысанның ерекшелігін есепке алғанда, сенімгерлікпен басқаруға берудің қосымша шарттары белгіленуі мүмкін.
2. Тендерлік комиссия
9. Тендерді өткізу үшін уәкілетті органмен тендерлік комиссия құрылады, құрамына Уәкілетті органның, салық органдарының және нысанның ерекшеліктеріне қарай басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан құралуы тиіс. Комиссияның төрағасы уәкілетті органның өкілі болып табылады.
Тендерлік комиссияның ұйымдастыру қызметін тендерлік комиссиясының хатшысы қамтамасыз етеді. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі бола алмайды және тендерлік комиссия шешімін қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
10. Тендерлік комиссия келесідей функцияларды жүзеге асырады:
1) тендер өткізеді.
2) Нысан қандай мерзімде және қандай шарттарды орындаған жағдайда сенімгерлікпен басқарушының меншігіне берілетінін анықтайды, инвестиция енгізу кестесін бекітеді.
3) тендердің жеңімпазын жариялайды.
4) Уәкілетті органға тендер шарттарын, бастапқы бағасын және басқа шарттарын өзгерту жөнінде ұсыныс жасайды.
11. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерді ұйымдастыру үшін қажетті құжаттар дайындайды және тендерлік комиссияның хаттамасын ресімдейді.
3. Нысанды сенімгерлікпен басқаруға беруге дайындау
12. Уәкілетті орган нысанды сенімгерлікпен басқаруға беруге дайындауды жүзеге асырады.
Дайындық барысында уәкілетті орган:
1) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес нысанның құнын бағалауды жүргізеді;
2) тендерге қатысушының немесе тұлғаның талабы бойынша нысанның жүктемелері туралы, сондай-ақ, кредиторлық және дебиторлық берешектері, табысталатын нысанға қатысты жасалған келісім-шарттар туралы ақпарат дайындайды және ұсынады.
13. Тендер өткізуге дайындық жасауда уәкілетті орган нысан туралы ақпарат жинауды, ақпараттық хабарламаны уақытында жариялауды, өтінімдерді қабылдайды және тіркеу жүргізеді, түскен материалдарды тендерлік комиссияның қарауына береді.
14. Тендер өткізілетіндігі туралы хабарламаны өткізілуге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын, ал бағалы қағаздарды, мүліктік құқықты (жарғылық капиталдағы мемлекеттің қатысу үлестері) табыстау бойынша – тендер өткізілуге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей, уәкілетті орган жасауы керек. Хабарлама Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес сатушының конкурс өткізу жолымен белгіленген мерзімдік баспасөзде және тиісті әкімдігінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялану керек. Хабарламада нысан жөнінде, оның техникалық сипаты бойынша, тендер өтетін уақыты, орны және өткізу тәртібі, соның ішінде тендерге қатысуға өтінім қабылдау орны және уақыты, керекті құжаттар тізімі, тендер шарттары және уәкілетті органның қарауымен басқа да керекті ақпарат, кепілдік жарна мөлшері жөніндегі мәліметтер болуы тиіс.
15. Уәкілетті орган тендер шарттарын өзгерткен жағдайда барлық өзгерістер туралы хабарлауды ол осы Қағиданың 14-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жасауы тиіс.
Тендер шарттарының өзгеруі туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан тұлғалар кепілдік жарнасын қайтарылуын талап етуге құқылы.
16. Сенімгерлікпен басқаруға заңды тұлғалардың мүліктік кешені берілген жағдайда уәкілетті органмен келесі құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар пакеті дайындалады:
1) жарғы.
2) акционерлік қоғамдар үшін – акциялар шығару анықтамалығының тіркелгендігі жөнінде куәлік.
3) есепті кезеңнің алдыңғы жылының жалғамаларымен бірге бухгалтерлік теңгерімдері.
4) статистикалық карта.
5) заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәлігі;
Хабарлама жарияланғаннан кейін уәкілетті орган нысан және осы Қағида туралы ақпараттарға немесе тендерге қатысуға ниет білдіргендерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
17. Тендерге қатысушылар тендерді өткізу жөнінде хабарламада көрсетілген көлемде, мерзімде және тәртіпте кепілдік жарнаны төлейді.
18. Нысанды кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру жағдайында тендерге қатысу үшін кепілдік жарна нысанның бастапқы құнының 15 пайызына дейінгі шекте белгіленеді.
Нысанды кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға беру жағдайында тендерге қатысу үшін кепілдік жарна белгіленбейді.
19. Кепілдік жарна қатысушының келесідей міндеттемелерінің қамтамасыз етілуі болып табылады:
1) жеңген жағдайда тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою.
2) уәкілетті органмен келісім-шарт жасау.
20. Келісім-шарт жасаудан бас тартқан жағдайда қатысушыға кепілдік жарна уәкілетті органмен қайтарылмайды.
21. Осы Қағиданың 20 және 33-тармақтарында тізбеленгенінен басқа, барлық жағдайда кепілдік жарна тендер аяқталғаннан кейін банкілік 10 күннен кеш емес мерзімде, ал ақша уәкілетті органның шотына тендер өткізілгеннен кейін түссе, олар түскен күннен бастап банкілік 10 күн ішінде қайтарылады.
22. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен жүргізіледі және тендер өтетін күннің алдындағы жұмыс күнінің 18-00 сағатында аяқталады.
23. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) тендерге қатысушының егер, ол жеңімпаз деп жарияланған жағдайда хабарламада белгіленген және өзінің ұсынған шарттарымен келісім-шартын жасаудың жазбаша міндеттемесін қамтитын қосымшаға сәйкес нысандағы тендерге қатысу өтінімін.
2) жабық конвертте бизнес-жоспар.
3) заңды тұлға:
Заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
заңды тұлғаның тіркеу куәлігі нотариалды расталған;
статистикалық картаның көшірмесі нотариалды расталған.
Салық төлеушінің тіркеуі нөмірі туралы куәлік нотариалды расталған.
Жеке тұлға кәсіпкерлік қызметін атқаратын жеке тұлға, тиісті мемлекеттік органмен берілген заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметін атқару құқығын беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
4) Нотариалды расталған жеке куәлігі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы куәлік.
5) Салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы, берешек бар болған жағдайда оның өтелгені туралы құжаттар.
6) лицензиялардың немесе патенттердің, куәліктердің, басқа да тендердің әлеуетті қатысушысының біліктілігін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері жалғанған біліктілігі жөніндегі мәліметтер, егер нысанның ерекшелігі талап етсе.
7) уәкілетті органның депозиттік шотына кепілдік жарнаның аударылғандығы жөнінде төлем тапсырысының немесе түбіртектің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасы және көшірмесі.
8) тендерге қатысу үшін және тендерлік комиссияның отырысына қатысу үшін өтінімге қол қою құқығына тендердің әлеуетті қатысушысы өкілінің өкілеттілігін куәландыратын құжат (сенімхат).
24. Өтінімдерді қабылдау және тендерге қатысуға тілек білдірушілерді тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы болған кезде жүргізіледі.
25. Тендерге қатысушы бола алмайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтайшылық құжаттарына сәйкес оларды іске асыру тендердің шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
2) сенімгерлікпен басқаруға келісім-шартты жасау және орындау бойынша тиісті міндеттемелерін орындамаған бұрынғы тендерлердің жеңімпазы.
26. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды есептемегенде, уәкілетті орган тендерді дайындау мен оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жарияламайды.
27. Тендерге қатысушылардың құжаттары тіркеу журналында тіркеледі, кейіннен тендерлік комиссияға беріледі.
4. Тендерді өткізу
28. Тендерлік комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерді ашады және жеңімпаздың анықтау шарттарына сүйене отырып, тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.
29. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі қатысқан жағдайда өткізіледі және тендер комиссиясының қатысқан мүшелерімен, тендер комиссиясының хатшысымен және оның төрағасымен қол қойылып хаттамамен ресімделеді.
30. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыспен қабылданады және тендерлік комиссия отырысына қатысқан мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп саналады. Дауыстардың теңдігі кезінде тендер комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Осы тендер комиссияның әр мүшесі тендер комиссияның шешіміне келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікіріне құқығы бар және ол жазбаша түрде баяндалып, тендер комиссиясы отырысының хаттамасына жалғанады.
31. Тендердің нәтижелері туралы хаттама тендер жеңімпазы мен уәкілетті органның тендер және тендер жеңімпазы ұсынысының шарттарында келісім-шарт жасау міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.
Тендерлік комиссия тендерге екі мәрте ұсыныс түспеген жағдайда уәкілетті органға тендер шарттарын, бастапқы бағасын және басқа шарттарын өзгерту бойынша ұсыныс жасауға құқылы.
32. Тендер мынадай жағдайларда болмай қалды деп танылады:
1) тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстарын тендердің шарттарын қанағаттандырмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейді деп таныса.
2) тіркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса.
33. Тендерді ұтып алған тұлға және уәкілетті орган тендердің нәтижелері туралы хаттамаға тендер өткізілген күннен 5 күн ішінде қол қояды.
Тараптар сенімгерлікпен басқарудың келісім-шартына тендер аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей қол қойылады.
Тендерді ұтып алған тұлға, тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе сенімгерлікпен басқарудың келісім-шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайда ол енгізген кепілдік жарна жойылады
Сенімгерлікпен басқару келісім-шартында тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттар көзделеді.
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару келісім-шартына Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге де заңдарымен белгіленген ерекшеліктерімен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің қағидалары қолданылады.
34. Екінші тендерге бір ғана қатысушы болған жағдайда сол қатысушымен келісім-шарт жасалады.
35. Тендер ашық өткізіледі.
5. Нысанды кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен
басқаруға беру
36. Кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға өтінімді кез келген мемлекеттік емес заңды және жеке тұлға тапсыра алады. Өтінімдер ерікті нысанда уәкілетті органға тапсырылады.
37. Кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлікпен басқаруға нысанды беру жөнінде түскен өтінімдер Қағиданың 23-тармағындағы 3-8 тармақшаларында көрсетілген құжаттар болған жағдайда қарастырылады.
38. Уәкілетті орган қаралған өтінімдердің және ұсынылған құжаттардың нәтижелері бойынша төмендегі шешімді қабылдайды:
1) тендер өткізіп немесе өткізбей жай сенімгерлікпен басқаруға нысанды беру туралы.
2) жазбаша түрде себептерін көрсетіп, жай сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тарту туралы.
6. Сенімгерлікпен басқарудың келісім-шартын жасау және оның
орындалуын бақылау
39. Сенімгерлікпен басқарудың келісім-шарты Заңмен белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелерін және өзге де заңнамалық актілерін ескере отырып, жасалады.
40. Келісім-шарттың орындалуына бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
41. Сенімгерлікпен басқарушы уәкілетті органға өзінің қызметі туралы есебін келісім-шартта белгіленген мерзімде және тәртіпте ұсынады.
42. Нысанды кепілдікке қою немесе басқа сенімгерлік басқаруға беру тек уәкілетті органның келісімімен жасалуы мүмкін.
43. Осы Қағида заңды күшіне енгенге дейін жасалған сенімгерлік басқару келісім-шарттары заңды күшін жоймайды, әрекет етеді, сенімгерлік басқаруға берген тараппен қадағаланады, аяқталады.