Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы N 647 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 22 желтоқсанда N 2-2-126 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 01.04.2024 № 291 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қапшағай қаласындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Н. Таубаев


Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата города Капшагай Алматинской области от 9 декабря 2011 года N 647. Зарегистрировано Управлением юстиции города Капшагай Департамента юстиции Алматинской области 22 декабря 2011 года N 2-2-126. Утратило силу постановлением акимата города Қонаев Алматинской области от 1 апреля 2024 года № 291

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Қонаев Алматинской области от 01.04.2024 № 291 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Организациям, учреждениям и предприятиям всех форм собственности города Капшагай установить квоту рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере трех процентов от общей численности рабочих мест.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего (вопросы социальной сферы) заместителя акима города.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким города

Н. Таубаев