Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Жайпақ ауылдық округі әкімінің 2011.11.14 N 13 Шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының, 7)-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2011 жылғы 12 мамырдағы Жайпақ ауылдық округіндегі Жайпақ ауылының тұрғындарының меншігіндегі ұсақ малдарының арасынан сарып ауруының туындағанына байланысты карантиндік аймақтық ветеринарлық режимін бекіту туралы ұсынысының негізінде, Жайпақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жайпақ ауылдық округіндегі Жайпақ елді мекеннің тұрғындарының меншігіндегі ұсақ малдарының арасында сарып ауруының шығуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, Жайпақ ауылдық округіндегі Жайпақ елді мекенінің ұсақ малдарына, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Жайпақ ауылдық округіндегі Жайпақ елді мекеннің меншік ұсақ малдарының арасынан сарып ауруы шыққан үйлерді, қора-жайлардың және тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізу Жайпақ ауылдық округінің бас. маман мал дәрігері Уазбеков Ыбырай Туктарбайұлына жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жайпақ ауылдық округінің бас маманы Сембаева Мақпал Сарсебекқызына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жайпақ ауылдық
округінің әкімі Е.А. Табеев