РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі және Алға ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып Бәйтерек селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.Бәйтерек селолық округіндегі Алға ауылындағы Солтанбай және Әубәкіров көшелерімен қиылысатын атаусыз көшеге "Дүйсебай Надырбаев" аты қойылсын.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімі қалдырамын.
3.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байтерек селолық
округінің әкімі О. Абибов