Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық әкімдігінің 15.11.2011 N 314 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2011 жылғы 25 мамырдағы N 231 және 2011 жылғы 26 мамырдағы N 242 сараптамалары, Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2011 жылғы 27 мамырдағы N 328 ұсынысы негіздерінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балпық ауылдық округінің "Ұмтыл" ауылында және Жолбарыс батыр ауылдық округінің "Қарашеңгел" ауылында ұсақ мүйізді малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қонақбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Медеуов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіп кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Қаратал аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Нұрәділ Нұрқасымұлы Бекбосынов
25 шілде 2011 жыл
Қаратал ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының
бастығының міндетін атқарушы Ольга Сергеевна Пригоровская
25 шілде 2011 жыл