Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық әкімдігінің 15.11.2011 N 316 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2011 жылғы 09 маусымдағы N 359, 2011 жылғы 13 маусымдағы N 411, N 414 және 2011 жылғы 15 маусымдағы N 455 сараптамалары, Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2011 жылғы 16 маусымдағы N 292 ұсынысы негіздерінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Айту би ауылдық округінің "Жасталап" ауылында ұсақ мүйізді малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонақбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Дүйсембінов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіп кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Каратал аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Нұрәділ Нұрқасымұлы Бекбосынов
08 қыркүйек 2011 жыл
Қаратал ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы Владимир Петрович Маркевич
08 қыркүйек 2011 жыл