РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабының 4-тармақшасына сәйкес және Талғар аудандық ономастика кеңесінің келісімі мен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Алатау ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызыл-Қайрат ауылындағы Новая көшесінің атауы Ахият Хамитов көшесі атауына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округ әкімінің орынбасары Б.Т. Атейбековке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Ауылдық округі әкімі С.З. Изиев