Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 06.10.2017 № 15-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 92-бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жамбыл облысының халықын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат | Облыстық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Ж.Тәукебаев | Ә.Әсілбеков |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау министрлігі мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қағадағалау
комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ. Қазанғапов
23.09.2011 жыл
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ж. Мухатов
23.09.2011 жыл
Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 39-9 шешімімен бекітілген |
Жамбыл облысының халықын орталықтандырылмаған ауыз сумен
және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі
Жамбыл облысының тұрғындарын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) суды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 9 шілдедегі Су Кодексінің 92-бабының 2 тармағына сәйкес әзірленген.
2. Ережелер тұрғындарды орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ су көздерін ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін өз мұқтаждарына пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.
3. Ережелерде келесі ұғымдар және анықтамалар пайдаланылады:
1) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау - суды шығындау орындарына бермей, жинауға арналған, жалпы пайдаланымға ашық немесе жеке пайдаланымдағы құрылыстар;
2) ауыз сумен жабдықтау - тұтынушыларды ауыз сумен жабдықтауға бағытталған, сумен жабдықтау көздері мен құрылыстарын таңдау, қорғау, жобалау, құрылысын жүргізу, сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану, ауыз суды жинау, дайындау, сақтау, тұтыну орындарына жеткізу және сатуды қамтитын қызмет;
3) су жинағыш құрылыс - суды тұтынушыларға жеткізу мақсатында су жинайтын құрылыстар мен құрылғылардың кешені;
4) шахталық құдық - сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетінен атмосфералық және жер үсті суларын бұру мақсатында жер асты суларын алу үшін құрылған, тереңдігі көлденең кесіктен ұлкенірек тік тау-кен қазындысы;
5) құбыр құдық - жер асты суларын алуға арналған, қабырғалары қаптама құбырлармен бекітілген цилиндрлік тік арналар түріндегі құрылыс;
6) шегендеу құрылысы - табиғи жолмен шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс;
7) ұңғыма - жер асты суларын жер бетіне шығаруға арналған құрылғы;
8) бұлақ (бастау) - жер асты суларының жер бетіне табиғи жинақталып шығуы;
9) су нысандары - құрлық бетінің рельефінде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемі және су тәртіптемесі бар сулар. Оларға теңіздер, өзендер мен оларға теңестірілген жасанды арналар, көлдер, мұздықтар және жер бетіндегі басқа су нысандары, жер қойнауының құрамында жерасты сулары бар бөліктері жатады;
10) су нысандарын пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге сұраныстарын қанағаттандыру үшін су нысандарының пайдалы қасиеттерін алу.
2. Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған құрылысын салуға жер учаскесін таңдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4. Ұңғымаларға, құбыр, шахталық құдықтарға және бұлақтарды ашуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 554 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6414 болып тіркелген) болып енгізілді санитариялық ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты сулары пайдаланылады. Оларды пайдалану су жинау құрылыстарының арнайы жабдығын орнату арқылы жүзеге асырылады (таратушы жүйелері жоқ ұңғымалар, шахталық және құбырлық құдықтар, бұлақтарды ашу).
6. Тарату тораптары жоқ ұңғымалар, құдықтар және бұлақтарды ашу тұрғындар тобын және шаруашылық-тұрмыстық объектілерін ауыз сумен жабдықтау үшін ұйымдастырылады.
7. Ұңғымаларды, құдықтарды және бұлақты ашу құрылғылары үшін орын таңдау геологиялық және гидрогеологиялық мәліметтердің негізінде белгіленген тәртіппен жүргізілуге тиіс.
8. Құдықтарды және бұлақтарды ашу құрылғылары үшін орын ластанған немесе ластануы мүмкін мынадай көздерден келетін жер асты суларының тасқынан 50 метрге (бұдан әрі - м) жоғары алыстатылған, ластанбаған биіктеу учаскеде таңдайды: әжетханалар, қоқыс төгілетін орын, тынайтқыштардың және улы химикаттардың қоймалары, өндірістік ұйымдар, канализациялық құрылыстар, ескі қараусыз қалған құдықтар, мал қоралар, адамдарды және жануарларды көметін орындар.
9. Су жинау құрылыстарын мыналарда орнатуға жол берілмейді: тасқын су басатын учаскелерге, төменгі, батпақ жерлерге; көшкін және топырақтың пішінін өзгертетін басқа түрлері болатын жерлерге; көліктің қарқынды қозғалысы бар магистральдан 30 м жақын жерлерге.
10. Құдықтар тұрғын үйлерден 100 м алыс қашықтықта орналасуы тиіс.
11. Су жинау құрылыстарын жабдықтау барысында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдар (сүзгіштер, қорғаныш торлар, сорғыштардың бөлшектері және басқалар), реагенттер және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған шағын габаритті тазартқыш қондырғылар пайдаланылады.
12. Мынадай су тарту құрылыстарын: шахталы және тереңдігі жиырма метрге дейінгі құбырлы сүзгілі құдықтар, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш жиектің бiрiншi беткейiнен барлық жағдайда деңгейін мәжбүрлі төмендетпей тәулігіне елу текше метрден аспайтын су алып жұмыс істейтін шегендеу құрылыстарын пайдаланған кезде арнайы су пайдалануға рұқсат талап етілмейді.
3. Заңды және жеке тұлғалар орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде пайдаланатын су объектілерін тіркеу
13. Тұрғындарды орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде су объектілері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген "Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланатын су объектілерін тіркеу ережелеріне" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4124 болып тіркелген) сәйкес тіркеледі, ол ережеде тіркеу тәртібі және тіркеу үшін қажетті құжаттар жиынтығы белгіленген.
Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, тіркеу туралы өтініш қаралмай қайтарылады.
14. Су нысанын тиісті жергілікті атқарушы орган мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің жергілікті органымен су нысанының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін келісіп және су қорын пайдалану және қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органмен су объектін ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен орталықтандырмай жабдықтау үшін пайдалану мүмкіндігін келісіп, оның орналасқан жері бойынша тіркейді.