РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 бабындағы 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 2011 жылғы 02 қарашадағы № 01-10-03/435 ұсынымы және 2011 жылғы 31 тамыздағы "Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларын жүргізу" 008 бағдарламасы бойынша "Облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарын төлқұжаттандыру мен түгендеу, бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарының жағдайын бағалау ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы" ғылыми есептің негізінде Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 65 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1660 болып тіркелген, 2007 жылдың 12 мамырында № 74 "Ақжол" және 2007 жылдың 12 мамырында № 52 "Знамя труда" облыстық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіндегі:
"Су айдындарының атауы" бағанасы:
1 жол "Ынтымақ, Сасықбай, Тастан, Қарлығаш, Көктал";
3 жол "Қоралас, Ұзынбұлақ";
5 жол "Маловодные, Калачевский";
8 жол "Қопал";
9 жол "Алтай";
10 жол "Қарасу көлі" сөздерімен толықтырылсын.
"Су айдындарының атауы" бағанынан:
1 жолдағы "Аяқкөл, Қарабақыр";
2 жолдағы "Колос тәлім бағы, Каскад Каменное";
3 жолдағы "Қамыскөл";
5 жолдағы "Мозговое, 25 км, Аспара Қарабайлама";
7 жолдағы "Қызыләуіт";
8 жолдағы "Үйенкікөл";
9 жолдағы "Қондыбай";
10 жолдағы "Қасқасу, Алты айғыр" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |