Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 30.04.2019 № 34-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 506 бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 08 шілдедегі Орман кодексінің 14 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" Жамбыл облысы мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 32-8 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы "22" сәуірде № 1776 тіркелген, 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 69-70 "Ақ жол" газетінде жариялған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің № 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
Көрсетілген шешімнің 3 тармағының 2 абзацы алынып тасталсын.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихат | Облыстық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
А. Майлыбаев | Ә. Әсілбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетінің Жамбыл облыстық орман және
аңшылық шаруашылығы аумақтық иснпекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.К. Кемелов
7 желтоқсан 2011 ж.
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Салық комитетінің Жамбыл облысы бойынша салық департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Т.Қ. Сәрсембаев
7 желтоқсан 2011 ж.
Жамбыл облысы мәслихатының 2011 жылғы 07 желтоқсандағы № 41- 10 шешіміне қосымша Жамбыл облысы мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 32-8 шешіміне 2 қосымша |
Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкалары
Ара ұялары мен омарталар орналастыру, шөп шабу, мал жаю және аң өсіру үшін
Дәрiлiк шөптер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнiмдер, қамыс дайындау мен жинау
р/с | Өсімдіктің атауы | Шикізат түрі | Шикізаттың шаруашылық маңызы | Өлшем бірлігі (құрғақ күйінде) | Төлемақы ставқасы (теңге) |
1 | Дәрілік жалбызтікен | Тамырлар | Дәрілік | 1 килограмм | 200 |
2 | Бөрі қарақат | Жемістер | Дәрілік | 1 килограмм | 450 |
3 | Құмды бесмертник(цмин) | Гүлдер | Дәрілік | 1 килограмм | 480 |
4 | Алқызыл долана | Жемістер | Дәрілік | 1 килограмм | 300 |
5 | Айланшөп таран | Шөп | Дәрілік | 1 килограмм | 300 |
6 | Биік андыз | Тамырлар | Дәрілік | 1 килограмм | 200 |
7 | Дәрі түйе жоңышқа | Шөп | Дәрілік | 1 килограмм | 600 |
8 | Кәдімгі жұпаргүл | Шөп | Дәрілік | 1 килограмм | 420 |
9 | Шілтер жапырақ шаңкурай | Шөп | Дәрілік | 1 килограмм | 420 |
10 | Бозтікен | Тамырлар | Дәрілік | 1 килограмм | 1480 |
11 | Қосүйлі қалақай | Жапырақтар | Дәрілік | 1 килограмм | 420 |
12 | Кәдімгі өгейшөп | Гүлдер,жапырақтар | Дәрілік | 1 килограмм | 600 |
13 | Арша | Жемістер | Дәрілік | 1 килограмм | 600 |
14 | Дала жалбыз | Шөп | Дәрілік | 1 килограмм | 360 |
15 | Дәрі бақбақ | Тамырлар | Дәрілік | 1 килограмм | 400 |
16 | Кәдімгі түймешетен | Гүлдері | Дәрілік | 1 килограмм | 300 |
17 | Үлкен бақа жапырақ | Жапырақтар | Дәрілік | 1 килограмм | 300 |
18 | Ашщы жусан | Шөп | Дәрілік | 1 килограмм | 420 |
19 | Дәрілік ромашка | Гүлсебеттер | Дәрілік | 1 килограмм | 420 |
20 | Жалаң мия | Тамырлар | Дәрілік | 1 килограмм | 200 |
21 | Кәдімгі мыңжапырақ | Шөп | Дәрілік | 1 килограмм | 420 |
22 | Дала қырықбуыны | Шөп | Дәрілік | 1 килограмм | 420 |
23 | Сұңғыла | Тамырлар | Дәрілік | 1 килограмм | 1480 |
24 | Сасық кереуік | Тамырлар | Дәрілік | 1 килограмм | 921 |
25 | Үштармақ итошаған | Шөп | Дәрілік | 1 килограмм | 420 |
26 | Шөлдік шалфей | Жапырақтар | Дәрілік | 1 килограмм | 420 |
27 | Итмұрын раушан | Жемістер | Дәрілік | 1 килограмм | 300 |
28 | Кәдімгі өрік | Жемістер | Тағамдық | 1 килограмм | 40 |
29 | Алша (согдий өрігі) | Жемістер | Тағамдық | 1 килограмм | 20 |
30 | Жабайы алма | Жемістер | Тағамдық | 1 килограмм | 40 |
31 | Саңырауқұлақ | Саңырауқұлақ | Тағамдық | 1 килограмм | 75 |
32 | Таңкурай | Жемістер | Тағамдық | 1 килограмм | 160 |
33 | Итшомырт шырғанак | Жемістер | Тағамдық | 1 килограмм | 120 |
34 | Грек жаңғақ | Жемістер | Тағамдық | 1 килограмм | 240 |
35 | Күрен қара қарақат | Жемістер | Тағамдық | 1 килограмм | 220 |
36 | Кәдімгі пісте | Жемістер | Тағамдық | 1 килограмм | 560 |
37 | Ақ, қара тұт | Жемістер, | Тағамдық | 1 килограмм | 80 |
38 | Қамыс | Өзегі | Техникалық | 1 текше метр | 240 |