РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын басшылыққа ала отырып және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, Тараз қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтер белгіленсін:
1) біріңғай автобус бағыттарында 45 теңге көлемінде;
2) біріңғай шағын автобус бағыттарында 55 теңге көлемінде.
2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Мұхтар Сәлкеұлы Төлеулиевке жүктелсін.
Қала әкімі | Б. Орынбеков |