РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бап 3 тармағына сәйкес «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерінн өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2.
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Мұсабеков Қанат Дәлібайұлы |
«Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша); |
Құралбаева Айнұр Әбдірашқызы |
«Байзақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадрлық және мемлекеттік - құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары; |
Комиссия мүшелері: |
|
Әзімханов Ерлан Бураханұлы |
«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Байзақ аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, полиция капитаны (келісімі бойынша); |
Усманова Алмагүл Артыққызы |
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Байзақ аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы (келісімі бойынша); |
Медеубекова Құралай Маманқызы |
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Байзақ аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, дәрігерлік комиссия хатшысы (келісімі бойынша). |
3.
«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Байзақ аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
4.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадырбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.
5.
Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндеті атқарушы |
Қ.Садубаев |
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы Байзақ ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.Мұсабеков
07.04.2011 жыл
«Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаментінің Байзақ аудандық
Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
С.Демесінов
07.04.2011 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Байзақ аудандық
орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Р.Сапарбеков
07.04.2011 жыл