РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағы негізінде және Қарасаз ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1.Қарасаз ауылдық округі бойынша төмендегі көшелеріне ат қойылсын:
1) Қарасаз ауылында:
Жамбыл көшесі;
Карл-Маркс көшесі;
Гагарин көшесі;
Комаров көшесі;
Абай көшесі;
Ыбырай Алтынсарин көшесі;
Ленин көшесі;
2) Ақбастау ауылында:
Төле би көшесі;
Береке көшесі;
Қойгелді көшесі;
Қайрат Рысқұлбеков көшесі;
3) Жүрімбай ауылында:
Жеңіс көшесі;
Болашақ бұрылысы;
4) Қарасу ауылында:
Ақ жол көшесі;
5) Көктас ауылында:
Достық көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасаз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрлан Бопанұлы Ахметке жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік қүн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімінің м.а. Ж.Баетов