РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жаңақоғам селолық округінің Көктөбе аулындағы № 4 жаңа көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:
1. Жаңақоғам селолық округінің Көктөбе аулындағы № 4 жаңа көшеге еңбек ардагері Дөңбай Сүгірбаевтың атауы қойылсын.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Округ әкімі Д.Байботшаев