Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011.11.23 N 47/16 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Барлық меншік нысандарындағы мекемелерде және ұйымдарда, кәсіпорындарда, жұмыс орындарының жалпы санының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орнының квотасы белгіленсін.
2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес, бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларына және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 14 шілдедегі Балқаш қаласы әкімдігінің N 29/01 қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Бахит Кадыровна Молдабаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі Қ. Тейлянов