Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012.02.03 N 02/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды - орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Уәкілетті орган - "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі):
1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастырсын, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетсін;
2) Жастар тәжірибесі шеңберінде кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастарға дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыруға шарттар жасасын;
3) Жастар тәжірибесін жүргізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру республикалық және аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылсын;
4) Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдар үшін орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
3. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 7 шілдедегі "Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін-жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" (Қарағанды облысы Нұра ауданының әділет басқармасында 2010 жылдың 9 тамызында тіркелінді, тіркеу нөмірі 8-14-124, 2010 жылғы 14 тамыздағы N 33 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) N 12/09 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Шайдаров