Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2012.11.30 N 655 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
2) "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі Б. Қуандықов
2011 жылғы "12" желтоқсандағы
N 232 қаулысымен бекітілген
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шарттарды тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын пайдалану құқығы - жер қойнауын пайдаланушының осы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес сатып алған жер қойнауын иелену және пайдалану құқығы;
2) келісімшарт - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт;
3) тұтынушы – жеке және заңды тұлға;
4) басқарма – "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
5) орындаушы – міндетіне кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шарттарды тiркеуді жасайтын басқарманың лауазымды тұлғасы;
6) регламент – "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шарттарды тiркеу" мемлекеттік қызмет бойынша ішкі тәртіпті реттеуші нормативтік құқықтық акт;
7) мемлекеттiк тiркеу актiсi - "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 27-бабының 12-тармақшасына және 68-бабының 3-тармағына сәйкес берілетін және онда кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шарттарды тiркеу нәтижесі көрсетілген құжат;
8) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықты барлаумен және өндірумен, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшін барлаумен байланысты, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
9) құрылымдық функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың шағын жүйелері.
2. Жалпы ережелер
2. Осы "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шарттарды тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 100 қаулысымен бекітілген Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шарттарды тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынушы басқарманың атауы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттiк қызмет "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 27-бабының 12-тармақшасына және 68-бабының 3-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысымен бекiтiлген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнің 3-бөлiмiнiң 60-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны (нәтижесi) қағаз түрінде берілетін жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттiк тiркеу актiсi болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсету осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген басқарманың жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы және оны көрсету барысы туралы ақпарат Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында: www.е-kyzylorda.kz орналастырылады.
9. Осы регламентте көзделген құжаттар пакетін тұтынушының толық ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiздеме болып табылады.
10. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шарттарды тiркеу туралы мемлекеттiк тiркеу актiсiн беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері;
1-кезең – басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде (бұдан әрі – ҚҚҚ) тұтынушының қажетті құжаттары қоса берілген өтінішін тіркеу;
2-кезең – басқарма басшысының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттік тіркеу жұмыстарын жасайтын орындаушыны белгілеуі;
3-кезең – орындаушы мемлекеттік тіркеу үшін тапсырылған тиісті құжаттарды зерттеп, нәтижесімен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттiк тiркеу актiсiн дайындайды;
4-кезең – басқарма басшысы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттiк тiркеу актісіне қол қояды;
5-кезең – орындаушы қол қойылған мемлекеттік тіркеу актісіне басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ, актінің бір данасын тұтынушыға беруді жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды басқарманың жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде бір адам жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
12. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін Басқармаға тиісті құжаттар мен өтінішті ұсынады, оны басқарманың ҚҚҚ қызметкері тұтынушының өтінішінде көрсетілген тізімдеме бойынша қабылдайды. Талаптарға сәйкес келетін құжаттар мен өтініші бақылау белгілері көрсетіліп, тіркеу мөртабаcында нөмірін, күнін және парақ санын көрсетіп, ҚҚҚ рәсімделеді және тіркеледі. Тұтынушы басқарманың ҚҚҚ тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған өтініштің көшірмесін алады.
13. Тұтынушы басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мемлекеттiк қызметтi алуға тұтынушының өтiнiшi (еркiн нысанда);
2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарт;
3) сенiмхатсыз қол қоюға құқығы бар, тұтынушының бiрiншi басшысын қоспағанда, тұтынушының мүдделерiн бiлдiретiн тұлғаға берiлетiн сенiмхат.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулердің мерзімдері:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету тұтынушы осы регламенттің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісім-шартты мемлекеттік тіркеу туралы сертификат (акт) алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.
15. Осы мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген басқарманың жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын көрсетіледі.
Қабылдау алдын-ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету басқарманың ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат тәртібі: ғимаратқа кіру бір реттік рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады.
Құқықтық тәртіпті қолдау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл қаққыш және басқа да қауіпсіздік шаралары болады. Кіреберіс мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
Басқарманың анықтамалық ақпарат тақтасында қажетті ұсынылатын құжаттардың үлгілері орналастырылған.
18. Тіркелген, тиісті түрде ресімделген құжаттар мен өтініш басқарма басшысына жіберіледі, кейіннен олар орындаушыға жіберіледі. Оларды алғаннан кейін орындаушы құжаттар мен өтінішті зерттеп, нәтижесімен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттiк тiркеу актiсiн дайындайды.
Басқарманың басшысы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттiк тiркеу актісіне қол қояды;
Орындаушы қол қойылған мемлекеттік тіркеу актісіне басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу актісінің көшірмесінің бір данасын тұтынушыға беру іс-шараларын жүзеге асырады.
Мемлекеттік тіркеу актісінің екінші данасы, сондай-ақ, қаралған құжаттар пакеті басқармада мерзімсіз сақталуында қалады.
Мемлекеттік тіркеу актісі берілуі берілген мемлекеттік тіркеу актілер журналында тіркеледі.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ-ның саны мен сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
20. Осы регламентке 3-қосымшада әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімі бойынша ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы көрсетілген.
21. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шарттарды мемлекетті тіркеу актісін беру үдерісінің сызбасы осы регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін тұлғалардың жауапкершілігі
22. Тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапалығына, және уақытында берілуіне басқарманың бірінші басшысы және жауапты мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес жауаптылықта болады.
"Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндiруге немесе бiрлескен
барлау мен өндiруге арналған
келiсiм-шарттарды тiркеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне 1-қосымша
"Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі
Р/с N | Атауы | Мекенжайы | Телефон N | Электронды поштаның мекен-жайы | Жұмыс кестесі |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. |
"Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27, 112-бөлме |
8 (7242) 23-99-01, 23-41-66 |
dpp_korda@mail.ru. |
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндiруге немесе бiрлескен
барлау мен өндiруге арналған
келiсiм-шарттарды тiркеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ-ның саны мен сипаттамасы
N | Саны | Сипаттамасы |
---|---|---|
1 |
1 |
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы |
2 |
1 |
Уәкілетті органның басшысы |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндiруге немесе бiрлескен
барлау мен өндiруге арналған
келiсiм-шарттарды тiркеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне 3-қосымша
Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімі бойынша ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістердің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны) | |||||
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) N | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ҚФБ атауы |
Басқарма (басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметкері) |
Басқарма (басқарма басшысы) |
Басқарма (басқарманың орындаушысы) |
Басқарма (басқарманың бастығы) |
Басқарма (басқарманың орындаушысы) |
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы |
басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде (бұдан әрі – ҚҚҚ) тұтынушының қажетті құжаттары қоса берілген өтінішін тіркеу және қабылдайды |
Басқарма бастығы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттік тіркеу жұмыстарын жасайтын орындаушыны белгілейді |
Басқарманың орындаушысы мемлекеттік тіркеу үшін тапсырылған тиісті құжаттарды және өтінішті зерттеп, нәтижесімен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттiк тiркеу актiсiн дайындайды |
Басқарма бастығы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттiк тiркеу актісіне қол қояды |
Басқарманың орындаушысы қол қойылған мемлекеттік тіркеу актісіне басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ актінің бір данасын тұтынушыға беруді жүзеге асырады |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім) |
1-кезең Құжаттар мен өтінішті тіркеу |
2-кезең Орындаушыны белгілеу |
3-кезең Мемлекеттік тіркеу актісін дайындау |
4-кезең |
5-кезең |
Орындау мерзімдері |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
Келесі іс-әрекеттің нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндiруге немесе бiрлескен
барлау мен өндiруге арналған
келiсiм-шарттарды тiркеу"
мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне 4-қосымша
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шарттарды мемлекетті тіркеу актісін беру үдерісінің сызбасы
(сызбаны қағаз жүзінде қараңыз)
Қызылорда облысы әкімдігінің
2011 жылғы "12" желтоқсандағы
N 232 қаулысымен бекітілген
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын пайдалану құқығы - жер қойнауын пайдаланушының осы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес сатып алған жер қойнауын иелену және пайдалану құқығы;
2) келісім шарт - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт;
3) тұтынушы – жеке және заңды тұлға;
4) басқарма – "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
5) орындаушы – міндетіне кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тіркеу жасайтын басқарманың лауазымды тұлғасы;
6) регламент – "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі тәртіпті реттеуші нормативтік құқықтық акт;
7) тiркеу актiсi - "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 27-бабының 13-тармақшасына және 36-бабының 4-тармағына сәйкес берілетін және онда кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тіркеу нәтижесі көрсетілген құжат;
8) құрылымдық функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың шағын жүйелері.
2. Жалпы ережелер
2. Осы "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы N 100 қаулысымен бекітілген Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу жөніндегі мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынушы басқарманың атауы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 27-бабының 13-тармақшасына және 36-бабының 4-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысымен бекiтiлген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнің 3-бөлiмiнiң 61-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны (нәтижесi) қағаз түрінде берілетін кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу жөніндегі тiркеу актiсi болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсету осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген басқарманың жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы және оны көрсету барысы туралы ақпарат Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында: www.е-kyzylorda.kz орналастырылады.
9. Осы регламентте көзделген құжаттар пакетін тұтынушының толық ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiздеме болып табылады.
10. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актiсiн беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері;
1-кезең – басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде (бұдан әрі – ҚҚҚ) тұтынушының қажетті құжаттары қоса берілген өтінішін тіркеу;
2-кезең – басқарма басшысының кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу жұмыстарын жасайтын орындаушыны белгілеуі;
3-кезең – орындаушы тіркеу үшін тапсырылған тиісті құжаттарды зерттеп, нәтижесімен кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актiсiн дайындайды;
4-кезең – басқарма басшысы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актісіне қол қояды;
5-кезең – орындаушы қол қойылған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актісіне басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ, актінің бір данасын тұтынушыға беруді жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды басқарманың жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде бір адам жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
12. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін Басқармаға тиісті құжаттар мен өтінішті ұсынады, оны басқарманың ҚҚҚ қызметкері тұтынушының өтінішінде көрсетілген тізімдеме бойынша қабылдайды. Талаптарға сәйкес келетін құжаттар мен өтініші бақылау белгілері көрсетіліп, тіркеу мөртаңбаcында нөмірін, күнін және парақ санын көрсетіп, ҚҚҚ рәсімделеді және тіркеледі. Тұтынушы басқарманың ҚҚҚ тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған өтініштің көшірмесін алады.
13. Тұтынушы басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мемлекеттiк қызметтi алуға тұтынушының өтiнiшi (еркiн нысанда);
2) белгiленген тәртiппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығына кепiл шарты;
3) техникалық-экономикалық негiздеме - қарызды тарту, пайдалану және қайтару, олар мыналарды қамтиды:
кепiл мақсаты (қаражатты пайдалану);
кепiлдiң сомасы және өтеу мерзiмi;
қарыз көздерi және өтеу сатылары (негiзгi борышты және сыйақы пайыздарын бөлумен жылдар бойынша);
4) жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлге берiлетiн заңды немесе жеке тұлғаның (кепiл ұстаушы) атауы, оның заңды мекенжайы және тiркелген орны;
5) сенiмхатсыз қол қою құқығына ие тұтынушының бiрiншi басшысын қоспағанда, тұтынушының мүдделерiн бiлдiретiн адамға берiлген сенiмхат.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулердің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушы осы регламенттің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.
15. Осы мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген басқарманың жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын көрсетіледі.
Қабылдау алдын-ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету басқарманың ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат тәртібі: ғимаратқа кіру бір реттік рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады.
Құқықтық тәртіпті қолдау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл қаққыш және басқа да қауіпсіздік шаралары болады. Кіреберіс мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған.
Басқарманың анықтамалық ақпарат тақтасында қажетті ұсынылатын құжаттардың үлгілері орналастырылған.
18. Тіркелген, тиісті түрде ресімделген құжаттар мен өтініш басқарма басшысына жіберіледі, кейіннен олар орындаушыға жіберіледі. Оларды алғаннан кейін орындаушы құжаттар мен өтінішті зерттеп, нәтижесімен кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актісін дайындайды.
Басқарманың басшысы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актісіне қол қояды;
Орындаушы қол қойылған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актісіне басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу актісінің көшірмесінің бір данасын тұтынушыға беру іс-шараларын жүзеге асырады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актісінің екінші данасы, сондай-ақ, қаралған құжаттар пакеті басқармада мерзімсіз сақталуында қалады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актісі берілуі берілген мемлекеттік тіркеу актілер журналында тіркеледі.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ-ның саны мен сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
20. Осы регламентке 3-қосымшада әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімі бойынша ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы көрсетілген.
21. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актісін беру үдерісінің сызбасы осы регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін тұлғалардың жауапкершілігі
22. Тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапалығына, және уақытында берілуіне басқарманың бірінші басшысы және жауапты мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес жауаптылықта болады.
"Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндiруге және бiрлескен
барлау мен өндiруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепiл шартын
тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне 1-қосымша
"Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі
Р/с N | Атауы | Мекенжайы | Телефон N | Электронды поштаның мекенжайы | Жұмыс кестесі |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. |
"Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27, 112-бөлме |
8 (7242)23-99-01, 23-41-66, |
dpp_korda@mail.ru. |
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндiруге және бiрлескен
барлау мен өндiруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепiл шартын
тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ-ның саны мен сипаттамасы
N | Саны | Сипаттамасы |
---|---|---|
1 |
1 |
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы |
2 |
1 |
Уәкілетті органның басшысы |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндiруге және бiрлескен
барлау мен өндiруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепiл шартын
тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне 3-қосымша
Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімі бойынша ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістердің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны) | |||||
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) N | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ҚФБ атауы |
Басқарма (басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметкері) |
Басқарма (басқарма басшысы) |
Басқарма (басқарманың орындаушысы) |
Басқарма (басқарманың бастығы) |
Басқарма (басқарманың орындаушысы) |
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы |
басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде (бұдан әрі – ҚҚҚ) тұтынушының қажетті құжаттары қоса берілген өтінішін тіркеу және қабылдайды |
Басқарма бастығы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу жұмыстарын жасайтын орындаушыны белгілейді |
Басқарманың орындаушысы тіркеу үшін тапсырылған тиісті құжаттарды және өтінішті зерттеп, нәтижесімен кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актісін дайындайды |
Басқарма бастығы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актісіне қол қояды |
Басқарманың орындаушысы қол қойылған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актісіне басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ актінің бір данасын тұтынушыға беруді жүзеге асырады |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім) |
1-кезең Құжаттар мен өтінішті тіркеу |
2-кезең Орындаушыны белгілеу |
3-кезең |
4-кезең |
5-кезең |
Орындау мерзімдері |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
Келесі іс-әрекеттің нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды
барлауға, өндiруге және бiрлескен
барлау мен өндiруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепiл шартын
тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету
регламентіне 4-қосымша
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу актісін беру үдерісінің сызбасы
(сызбаны қағаз жүзінде қараңыз)