Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 мамырдағы N 65 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 24 маусымда N 10-3-185 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы N 133 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2012.06.13 N 133 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 7-бабына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арал аудандағы жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін және бір проценті мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К. Данабайға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі                             Н. Мұсабаев

Об установлении квоты рабочих мест

Постановление Аральского районного акимата Кызылординской области от 30 мая 2011 года N 65. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 24 июня 2011 года за N 10-3-185. Утратило силу постановлением Аральского районного акимата Кызылординской области от 13 июня 2012 года N 133

      Сноска. Утратило силу постановлением Аральского районного акимата Кызылординской области от 13.06.2012 N 133.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 149 "О занятости населения" акимат Аральского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов и для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере одного процента от общей численности рабочих мест в Аральском районе.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района К.Данабай.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Аким Аральского района                          Н. Мусабаев