Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2012.12.11 N 356 хатымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Қазалы аудандық Мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы ХХХІІ сессиясының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 20 қаңтарда 10-4-137 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қазалы" басылымының 2011 жылғы 5 ақпандағы N 12, 9 ақпандағы N 13-14, 12 ақпандағы N 15,16 және 16 ақпандағы N 17,18 сандарында жарияланған) N 248 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы:
1) тармақшадағы:
"5 926 690" деген сандар "6 370 516" деген сандармен ауыстырылсын;
"4 866 688" деген сандар "5 310 514" деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
"5 940 461" деген сандар "6 408 787" деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
"-49 740" деген сандар "-74 240" деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
"49 740" деген сандар "74 240" деген сандармен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 3 тармағы мынадай мазмұндағы 3), 4), 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистердің құрған концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға біржолғы материалдық көмекке - 2 685 мың теңге;
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмекке -34 111 мың теңге;
5) әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеуге - 122 мың теңге;
6) мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 7 917 мың теңге."
аталған шешімнің 3-1 тармағы:
8) тармақшасындағы:
"44 779" деген сандар "49 906" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) жетім сәбиді (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбиді (балаларды) асырап бағу үшін қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайын ақша қаражаттарын төлеуге - 17 842 мың теңге;
11) мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін арттыруға -21 837 мың теңге;
12) Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы шеңберінде іс шараларды іске асыруға:
13) жалақыны ішінара субсидиялауға – 7 150 мың теңге;
14) қоныс аударуға – 529 мың теңге;
15) жұмыспен қамту орталықтарын құруға – 11 906 мың теңге;
16) тұрғын үй салуға және сатып алуға кредит беруге - 24 500 мың теңге;
аталған шешімнің 3-2 тармағы мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
3) Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға - 7 000 мың теңге;
4) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 57 600 мың теңге;
5) Қазалы қаласында және Әйтеке би кентінде қыстақішілік сумен жабдықтау жүйесін кеңейту және қайта жаңғырту" (2-кезең) жобасын іске асыруға 270 000 мың теңге."
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихаттың
ХХХV сессиясының төрағасы Қ. Ысқақ
Аудандық Мәслихаттың хатшысы Т. Бөріқұлақов
Аудандық Мәслихаттың
2011 жылғы "29" наурыздағы
ХХХV сессиясының N 2 шешіміне
1-қосымша
2011 жылға арналған аудандық бюджет
Санаты |
Сомасы, мың теңге | |||
---|---|---|---|---|
Сыныбы |
||||
Iшкi сыныбы |
||||
Атауы |
||||
1. КІРІСТЕР |
6370516 |
|||
1 |
Салықтық түсімдер |
959135 |
||
01 |
Табыс салығы |
408640 |
||
2 |
Жеке табыс салығы |
408640 |
||
03 |
Әлеуметтiк салық |
297234 |
||
1 |
Әлеуметтік салық |
297234 |
||
04 |
Меншiкке салынатын салықтар |
233480 |
||
1 |
Мүлiкке салынатын салықтар |
193173 |
||
3 |
Жер салығы |
6959 |
||
4 |
Көлiк құралдарына салынатын салық |
32948 |
||
5 |
Бірыңғай жер салығы |
400 |
||
05 |
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар |
16541 |
||
2 |
Акциздер |
5300 |
||
3 |
Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер |
1800 |
||
4 |
Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар |
8426 |
||
5 |
Ойын бизнесіне салық |
1015 |
||
08 |
Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер |
3240 |
||
1 |
Мемлекеттік баж |
3240 |
||
2 |
Салықтық емес түсiмдер |
5042 |
||
01 |
Мемлекет меншігінен түсетін түсімдер |
400 |
||
5 |
Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер |
400 |
||
06 |
Басқа да салықтық емес түсiмдер |
4642 |
||
1 |
Басқа да салықтық емес түсiмдер |
4642 |
||
3 |
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
95825 |
||
01 |
Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату |
90400 |
||
1 |
Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату |
90400 |
||
03 |
Жердi және материалдық емес активтердi сату |
5425 |
||
03 |
1 |
Жерді сату |
5425 |
|
4 |
Трансферттердің түсімдері |
5310514 |
||
02 |
Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер |
5310514 |
||
2 |
Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер |
5310514 |
Функционалдық топ |
Сомасы, мың теңге | |||
---|---|---|---|---|
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi |
||||
Бағдарлама |
||||
Атауы |
||||
2. ШЫҒЫНДАР |
6408787 |
|||
1 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
369738 |
||
112 |
Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты |
25095 |
||
001 |
Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
25095 |
||
122 |
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты |
77411 |
||
001 |
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
77111 |
||
003 |
Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары |
300 |
||
123 |
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты |
230273 |
||
001 |
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
229723 |
||
022 |
Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары |
550 |
||
452 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі |
17475 |
||
001 |
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті орындау және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
17475 |
||
453 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі |
19484 |
||
001 |
Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
19484 |
||
2 |
Қорғаныс |
77323 |
||
122 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты |
2106 |
||
005 |
Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар |
2106 |
||
122 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты |
75217 |
||
006 |
Аудан (облыстык маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою |
75217 |
||
3 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
4500 |
||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
4500 |
||
021 |
Елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
4500 |
||
4 |
Бiлiм беру |
4146758 |
||
464 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі |
420488 |
||
009 |
Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету |
420488 |
||
464 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі |
3639551 |
||
003 |
Жалпы білім беру |
3530927 |
||
006 |
Балаларға қосымша білім беру |
108624 |
||
464 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі |
86719 |
||
001 |
Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
22552 |
||
005 |
Ауданның (облыстык маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу |
16176 |
||
007 |
Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу |
176 |
||
015 |
Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері |
17842 |
||
020 |
Үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету |
8136 |
||
021 |
Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін арттыру |
21837 |
||
5 |
Денсаулық сақтау |
321 |
||
123 |
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты |
321 |
||
002 |
Ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру |
321 |
||
6 |
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру |
380770 |
||
451 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
331069 |
||
002 |
Еңбекпен қамту бағдарламасы |
34840 |
||
003 |
Қайтыс болған Совет Одағының батырларын, "Халық қаһармандарын", Социалистік Еңбек ерлерін, Даңқ Орденінің үш дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған соғыс ардагерлері мен мүгедектерін жерлеу рәсімдері бойынша қызмет көрсету |
52 |
||
004 |
Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету |
15750 |
||
005 |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек |
16662 |
||
006 |
Тұрғын үй көмегі |
20121 |
||
007 |
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек |
42518 |
||
009 |
1999 жылдың 26 шілдесінде "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, "Халық Қаһарманы" атағын және республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарды әлеуметтік қолдау |
381 |
||
010 |
Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету |
2573 |
||
014 |
Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету |
59511 |
||
016 |
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар |
114765 |
||
017 |
Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі |
11990 |
||
023 |
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметің қамтамасыз ету |
11906 |
||
451 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
49701 |
||
001 |
Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
47426 |
||
011 |
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу |
2275 |
||
7 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
581630 |
||
458 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
8000 |
||
004 |
Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету |
8000 |
||
467 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі |
33500 |
||
003 |
Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы және (немесе) сатып алу |
24500 |
||
020 |
Тұрғын үй сатып алу |
2000 |
||
022 |
Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту |
7000 |
||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
83683 |
||
012 |
Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі |
8941 |
||
029 |
Сумен жабдықтау жүйесін дамыту |
17142 |
||
033 |
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылында дамыту, орналастыру және (немесе) сатып алу |
57600 |
||
467 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі |
304200 |
||
005 |
Коммуналдық шаруашылығын дамыту |
34200 |
||
006 |
Сумен жабдықтау жүйесін дамыту |
270000 |
||
123 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты |
123274 |
||
008 |
Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру |
16280 |
||
009 |
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
10807 |
||
011 |
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
96187 |
||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
28973 |
||
015 |
Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру |
28973 |
||
8 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
362903 |
||
455 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
167987 |
||
003 |
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау |
167987 |
||
465 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Дене шынықтыру және спорт бөлімі |
9840 |
||
006 |
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу |
1126 |
||
007 |
Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы |
8714 |
||
467 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі |
82000 |
||
008 |
Спорт және туризм объектілерін дамыту |
82000 |
||
455 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
58733 |
||
006 |
Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi |
58733 |
||
456 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі |
6500 |
||
002 |
Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер |
5878 |
||
005 |
Телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер |
622 |
||
455 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі |
10769 |
||
001 |
Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
10769 |
||
456 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі |
14421 |
||
001 |
Жергілікті деңгейде аппарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
13281 |
||
003 |
Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды iске асыру |
1140 |
||
465 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Дене шынықтыру және спорт бөлімі |
12653 |
||
001 |
Жергілікті деңгейде денешынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
12653 |
||
10 |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
86125 |
||
467 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі |
455 |
||
010 |
Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту |
455 |
||
462 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі |
15922 |
||
001 |
Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
9425 |
||
099 |
Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру |
6497 |
||
473 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі |
10229 |
||
001 |
Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
7666 |
||
006 |
Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру |
1640 |
||
007 |
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру |
923 |
||
463 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі |
9613 |
||
001 |
Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
9613 |
||
473 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі |
49906 |
||
011 |
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу |
49906 |
||
11 |
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
17622 |
||
467 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі |
8317 |
||
001 |
Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
8317 |
||
468 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі |
9305 |
||
001 |
Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
9305 |
||
12 |
Көлiк және коммуникация |
301387 |
||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
301387 |
||
023 |
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
301387 |
||
13 |
Басқалар |
52870 |
||
469 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік бөлімі |
9428 |
||
001 |
Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
8428 |
||
003 |
Кәсіпкерлік қызметті қолдау |
1000 |
||
451 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
10920 |
||
022 |
"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау |
10920 |
||
452 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі |
19392 |
||
012 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві |
19392 |
||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
13130 |
||
001 |
Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер |
11230 |
||
013 |
Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары |
1900 |
||
15 |
Трансферттер |
26840 |
||
452 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі |
26840 |
||
006 |
Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару |
26840 |
||
3. Таза бюджеттік кредиттеу |
19369 |
|||
Бюджеттік кредиттер |
25719 |
|||
10 |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
25719 |
||
462 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі |
25719 |
||
008 |
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер |
25719 |
||
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
6350 |
|||
5 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
6350 |
||
01 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
6350 |
||
1 |
Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу |
6350 |
||
4. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо |
16600 |
|||
Қаржы активтерін сатып алу |
16600 |
|||
13 |
Басқалар |
16600 |
||
452 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі |
16600 |
||
014 |
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту |
16600 |
||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер |
||||
5. Бюджет тапшылығы (профициті) |
-74240 |
|||
6.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) |
74240 |
|||
7 |
Қарыздар түсімі |
50219 |
||
01 |
Мемлекеттік ішкі қарыздар |
50219 |
||
2 |
Қарыз алу келісім-шарттары |
50219 |
||
16 |
Қарыздарды өтеу |
96750 |
||
452 |
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі |
96750 |
||
008 |
Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу |
96750 |
||
8 | Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары |
120771 |
||
01 |
Бюджет қаражаты қалдықтары |
120771 |
||
1 |
Бюджет қаражатының бос қалдықтары |
120771 |
"2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Қазалы аудандық Мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы ХХХІІ сессиясының N248 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазалы аудандық Мәслихатының ХХХV сессиясының шешіміне
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
"2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы ХХХІІ сессиясының N248 шешіміне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерді, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді қабылдау арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Республикалық бюджет қаржысы есебінен нысаналы даму трансферттері 334600 мың теңге, кредит беруге 24500 мың теңге және ағымдағы нысаналы трансферттер 64391 мың теңге, барлығы 423491 мың теңге, облыстық бюджет қаржысы есебінен ағымдағы нысаналы трансферттер 44835 мың теңге көлемінде бөлінді.
1. 2011 жылға арналған облыстық бюджетте аудан бюджетіне республикалық бюджет қаржысы есебінен:
жетім сәбиді (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбиді (балаларды) асырап бағу үшін қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайын ақша қаражаттарын төлеуге 17 842 мың теңге;
мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін арттыруға 21 837 мың теңге;
Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы шеңберінде іс шараларды іске асыруға 19 585 мың теңге;
эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге 5 127 мың теңге;
аудан бюджетіне тұрғын үй салуға және сатып алуға кредит беруге 24 500 мың теңге, жиыны 88 891 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредит бөлуіне сәйкес:
464-015 "Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері" бағдарламасы 17 842 мың теңгеге;
464-021 "Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін арттыру" бағдарламасы 21 837 мың теңгеге;
451-002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" 7 679 мың теңгеге;
451-023 "Жұмыспен қамту орталықтарының қызметің қамтамасыз ету" бағдарламасы 11 906 мың теңгеге;
473-011 "Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу" бағдарламасы 5 127 мың теңгеге;
467-003 "Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы және (немесе) сатып алу" бағдарламасы 24 500 мың теңгеге көбейтілді.
2. Облыстық бюджетте аудан бюджетіне республикалық бюджет қаржысы есебінен:
"Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 7 000 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 57 600 мың теңге;
"Қазалы қаласында және Әйтеке би кентінде қыстақішілік сумен жабдықтау жүйесін кеңейту және қайта жаңғырту" (2-кезең) жобасын іске асыруға 270 000 мың теңге, жиыны 334 600 мың теңге ағымдағы нысаналы даму трансферттері бөлуіне сәйкес:
467-022 "Жұмыспен қамту – 2020" бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту" бағдарламасы 7 000 мың теңгеге;
458-033 "Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылында дамыту, орналастыру және (немесе) сатып алу" бағдарламасы 57 600 мың теңгеге;
467-006 "Сумен жабдықтау жүйесін дамыту" бағдарламасы 270 000 мың теңгеге көбейтілді.
3. Облыстық бюджет қаржысы есебінен бөлінген трансферттерге сәйкес:
451-007 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы 36 576 мың теңгеге, оның ішінде:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистердің құрған концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға біржолғы материалдық көмекке 2685 мың теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмекке 33891 мың теңге;
451-006 "Тұрғын үй көмегі" бағдарламасы 121 мың теңгеге;
451-011 "Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу" бағдарламасы 221 мың теңгеге;
455-003 "Мәдени-демалыс жұмысын қолдау" бағдарламасы 7917 мың теңгеге көбейтілді.