Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің 2012.03.06 N 10 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Қармақшы ауданы бойынша 2012 жылы қаңтар - наурыз аралығында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары жүргізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә. Ерсұлтановқа жүктелсін.
3. Шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі М. Ергешбаев