Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2012.12.14 N 547 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заңының 20-бабына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеу төмендегідей мөлшерде белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған
азаматтарға, "Халық қаһарманы", "Даңқ", "Отан" ордендерімен наградталған азаматтарға көрсетілетін бір жолғы әлеуметтік төлем мөлшері жиырма төрт;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы
Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери
қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен
наградталған азаматтарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне көрсетілетін бір жолғы әлеуметтік төлем мөлшері қырық;
3) Ауғаныстанда және Ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, сондай-ақ жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің, ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына; 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар ішінен оқшаулау және көшіру жүргізілген аймақтан Қазақстан Республикасына көшірілген (өз еркімен көшкен), көшірілген күні анасының құрсағында болған балаларды қоса алғанда адамдарға бір жолғы әлеуметтік төлем мөлшері отыз;
4) "Кеңес Одағының батыры", "Халық қаһарманы", "Социалистік Еңбек ері", "Даңқ" орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен наградталған азаматтарға және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жерлеуге көрсетілетін бір жолғы әлеуметтік көмектің мөлшері қырық;
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылдың 22 маусымы мен
1945 жылдың 9 мамыры аралығындағы кемінде 6 (алты) ай жұмыс істеген
(әскери қызметін өткерген) адамдарға көрсетілетін бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері он жеті айлық есептік көрсеткіш.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тауипбаев