Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2011.05.23 N 1510 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуіріндегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Шиелі аудандық мәслихатының (XXXХІV кезектен тыс сессиясы) 2011 жылғы 11 cәуірдегі N 44/4 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, соғыста
қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына бір жолғы әлеуметтік көмекке 66 000 (алпыс алты мың) теңгеден және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған тыл ардагерлеріне сауықтыруға бір жолғы әлеуметтік көмек ретінде 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде төленсін.
2. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына Ұлы Отан соғысы жылдарында 22 маусым 1941 жылдан 09 мамыр 1945 жылдар аралығында алты айдан кем емес жұмыс істеген тыл ардагерлеріне әлеуметтік қолдауға біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 28 641 (жиырма сегіз мың алты жүз қырық бір) теңге төленсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Есенбаевқа жүктелсін.
4. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ