Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 14.09.2020 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 - бабы 4 - тармағына сай аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй - жайлар тізбесі қоса беріліп отырған қосымшаға сай бекітілсін.
2. Қосымшада көрсетілген ғимараттардың меншік иелері Бейнеу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жасаған кездесу кестесіне сай Қазақстан Республикасының Президенттігіне барлық кандидаттар үшін бірдей және тең болатын шарттық негізде үй - жай беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | А.Ұлұкбанов |
Қ.Әбілшеев
дайынд.:Ү.Әмірханова
Қ.Бөлтеков
М.Нысанбаев
М.Көбеген
Қ.Жарасбаева
Аудандық әкімдіктің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 30 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде берілетін үй - жайлар тізбесі
Бейнеу селосы - Абыл атындағы мәдениет үйі,
телетеатр
Боранқұл селосы - селолық клуб
Ақжігіт селосы - селолық мәдениет үйі
Сарға селосы - селолық мәдениет үйі
Сыңғырлау селосы - селолық клуб
Төлеп селосы - селолық клуб
Есет селосы - селолық клуб
Сам селосы - селолық клуб
Тұрыш селосы - селолық клуб
Ноғайты селосы - селолық клуб
Тәжен селосы - селолық кітапхана