Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 14.09.2020 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 - бабының 6-тармағына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Село, селолық округтерде қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар (одан әрі - Орындар) белгіленсін.
2. Село, селолық округ әкімдеріне Орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Әзірханов |
КЕЛІСІЛДІ:
Бейнеу аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
К.Аймағанбет
29 шілде 2011 жыл
Бейнеу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 93 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Бейнеу селосы - Гимназия, халықтық банк филиалы, орталық
аудандық аурухана ғимараттарының жанында
Боранқұл селосы - орталық базар, емхана ғимаратының жанында
Есет селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Ақжігіт селосы - селолық округ әкімі аппараты ғимаратының
жанында
Сарға селосы - селолық мәдениет үйінің ғимаратының жанында
Тұрыш селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Сыңғырлау селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Сам селосы - селолық почта бөлімшесінің ғимаратының жанында
Төлеп селосы - селолық клуб ғимаратының жанында
Ноғайты селосы - селолық медициналық пункт ғимаратының жанында
Тәжен селосы - селолық медициналық пункт ғимаратының жанында