Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, 2011 жылға аудан бойынша жұмыссыздарға арнап қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын шаруашылық субъектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген мекеме басшыларына және поселке, село әкімдіктеріне қоғамдық жұмыс ұйымдастыру ұсынылсын.
3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа уақытында жолдау «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (О.Б. Жарылғапова) тапсырылсын.
4. «Аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (С.Қ. Қани) қоғамдық жұмыстар үшін қаржыландыру тапсырылсын.
5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.О.Меңдіхановқа жүктелсін.
6. Қаулы Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С.У. Трумов
КЕЛІСІЛДІ:
«Түпқараған аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жарылғапова Оразгүл Бекиевна
06 сәуір 2011 жыл
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Қани Сара Құлмырзақызы
06 сәуір 2011 жыл
Түпқараған ауданы әкімдігінің
06 сәуір 2011 жылғы
№ 62 қаулысына Қосымша
2011 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыссыздарға арнап қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын шаруашылық субъектілерінің тізбесі
№ |
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар |
Қоғамдық жұмыс түрлері |
Бір жұмыссыз-ға жұмыс көлемі |
Жұмыс мер- |
Еңбек-ақы мөлше-рі(ең төменгі жалақы мөлшері) |
Қаржылан-дыру көзі |
1 |
«Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Маманның көмекшісі |
150- ге дейін құжаттар-ды жинақтау және тіркеу, мұрағатқа тапсыру |
3 айдан 6 айға дейін |
1,5 |
Жергілікті бюджет |
2 |
«Баутин поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Маманның көмекшісі |
100- ге дейін құжаттар-ды жинақтау және тіркеу, мұрағатқа тапсыру |
3 айдан 6 айға дейін |
1,5 |
Жергілікті бюджет |
3 |
«Ақшұқыр село әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Маманның көмекшісі |
100 – ге дейін құжаттар-ды жинақтау және тіркеу, мұрағатқа тапсыру |
3 айдан 6 айға дейін |
1,5 |
Жергілікті бюджет |
4 |
«Таушық селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Маманның көмекшісі |
100–ге дейін құжаттар-ды жинақтау және тіркеу, мұрағатқа тапсыру |
3 айдан 6 айға дейін |
1,5 |
Жергілікті бюджет |
5 |
«Қызылөзен селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Маманның көмекшісі |
100-ге дейін құжаттар-ды жинақтау және тіркеу, мұрағатқа тапсырту |
3 айдан 6 айға дейін |
1,5 |
Жергілікті бюджет |
6 |
«Түпқараған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Хат тасушы |
50 адамға міндетті әскерге шақыру қағазын тарату |
3 айдан 6 айға дейін |
1,5 |
Жергілікті бюджет |
7 |
«Түпқараған аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Ескертпе таратушы агент |
Айына 500 –ге хабарлама хат тарату |
3 айдан 6 айға дейін |
1,5 |
Жергілікті бюджет |
8 |
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
Маманның көмекшісі |
100 – ге дейін құжаттар-ды жинақтау және тіркеу, мұрағатқа тапсыру |
3 айдан 6 айға дейін |
1.5 |
Жергілікті бюджет |
9 |
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Маманның көмекшісі |
100- ге дейін құжаттар-ды жинақтау және тіркеу, мұрағатқа тапсыру |
3 айдан 6 айға дейін |
1.5 |
Жергілікті бюджет |