Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабы негізінде, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу қамтамасыз етілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаментінің Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
1) Әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген тұлғаларды жеткізуді қамтамасыз ету;
2) шақырушыларды Қостанай қаласының облыстық жиын пунктіне жіберу және жөнелту кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
Арқалық қаласының әкімі Т. Төлеубаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Арқалық қаласының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ С. Жаркин
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер
Департаментінің Арқалық қаласының
ішкі істер басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Е. Смағұлов