Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 қазандағы № 458 шешімі. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қазанда № 9-4-189 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2013 жылғы 15 наурыздағы № 102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 15.03.2013 № 102 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету үшін жеке тұлғалар санаттары анықталсын.
      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі анықталсын.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы                         Т. Хиврич

      Қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Т. Кривошея

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Лисаков қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы
      _____________ Г. Бермухамбетова

Мәслихаттың      
2011 жылғы 7 қазандағы 
№ 458 шешіміне     
1-қосымша      

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындаужәне төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету үшін жеке тұлғалардың санаттары

      1. Біржолғы әлеуметтік көмек
      1) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, қосымша тамақтануға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі)төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге, 7 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
      6) барлық санаттағы мүгедектерге, емделуге байланысты шығындар құнының мөлшерінде, табыстарын есепке алмай, жедел емделуге, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға және соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады және төленеді.
      2. Ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады және төленеді.

Мәслихаттың       
2011 жылғы 7 қазандағы 
№ 458 шешіміне     
2-қосымша       

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындаужәне төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      4) алушының салық төлеуші куәлігі;
      5) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкілі өтініш берген кезінде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжаты қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғалар үшін қосымша тамақтануға:
      мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан аурудың емделуде болғанын растайтын анықтама;
      2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын жастар үшін, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      оқу орнын және оқу жылына оқу төлемінің мөлшерін растайтын, тиісті білім ұйымымен берілген құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат, төлем жасалғаннан кейін ұсынылады;
      3) табысы аз отбасылардың тұлғалары үшін кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғалардың (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғалардың (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болу туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      6) барлық санаттағы мүгедектерге, емделуге байланысты шығындар құнының мөлшерінде, табысына қарамастан жедел емделуге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      емделудің құнын растайтын құжат;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:
      егер, осы азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттары үшін:
      егер, осы азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек тағайындау кезінде:
      егер, осы азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат болып табылады.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар мен көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      4. Осы қосымшаның 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздар ретінде тіркелуін тексереді.

О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение маслихата города Лисаковска Костанайской области от 7 октября 2011 года № 458. Зарегистрировано Управлением юстиции города Лисаковска Костанайской области 21 октября 2011 года № 9-4-189. Утратило силу решением маслихата города Лисаковска Костанайской области от 15 марта 2013 года № 102

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Лисаковска Костанайской области от 15.03.2013 № 102 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами" Лисаковский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить категории физических лиц для оказания государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов" согласно приложению 1 к настоящему решению.
      2. Определить перечень документов, необходимых для получения государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов" согласно приложению 2 к настоящему решению.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      внеочередной сессии                        Т. Хиврич

      Секретарь
      городского маслихата                       Т. Кривошея

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник
      ГУ "Отдел занятости и социальных
      программ акимата города Лисаковска"
      __________________ Г. Бермухамбетова

Приложение 1    
к решению маслихата 
от 7 октября 2011 года
№ 458         

Категории физических лиц для оказания государственной
услуги "Назначение и выплата социальной помощи
отдельным категориям нуждающихся граждан по
решениям местных представительных органов"

      1. Единовременная социальная помощь назначается и
выплачивается:
      1) лицам, больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, на дополнительное питание, в размере 10 месячных расчетных показателей;
      2) молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума, установленного по Костанайской области (далее - прожиточный минимум) за квартал, предшествующий кварталу обращения, молодежи, относящейся к социально уязвимым слоям населения, продолжающей обучение за счет средств местного бюджета, для возмещения расходов, связанных с получением высшего образования, по фактическим затратам на оплату обучения в организации образования, за исключением лиц, являющихся обладателями государственных образовательных грантов, получателями иных выплат из государственного бюджета, направленных на оплату обучения в организации образования;
      3) лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей в размере 15 месячных расчетных показателей;
      4) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, зарегистрированных на день смерти в качестве безработных в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ акимата города Лисаковска" (далее - уполномоченный орган по вопросам занятости), в размере 20 месячных расчетных показателей;
      5) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды, в размере 7 месячных расчетных показателей;
      6) инвалидам всех категорий, без учета доходов, на оперативное лечение в размере стоимости затрат, связанных с лечением, но не более 50 месячных расчетных показателей;
      7) участникам, инвалидам Великой Отечественной войны ко дню Победы в Великой Отечественной войне в размере 5 месячных расчетных показателей;
      8) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, ко дню Победы в Великой Отечественной войне в размере 2 месячных расчетных показателей.
      2. Ежемесячная дополнительная социальная помощь назначается и выплачивается:
      1) участникам, инвалидам Великой Отечественной войны в размере 4 месячных расчетных показателей;
      2) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам, инвалидам Великой Отечественной войны, в размере 2 месячных расчетных показателей.

Приложение 2   
к решению маслихата 
от 7 октября 2011 года
№ 458        

Перечень документов,необходимых для получения государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов"

      1. Обязательными документами являются:
      1) заявление потребителя, обратившегося за социальной помощью;
      2) документ, удостоверяющий личность получателя а для несовершеннолетних получателей – свидетельство о рождении;
      3) документ, подтверждающий регистрацию по месту жительства получателя;
      4) свидетельство налогоплательщика получателя;
      5) документ, подтверждающий наличие банковского счета получателя;
      6) при обращении законного представителя получателя прилагаются документ, удостоверяющий личность, и документ, подтверждающий полномочия законного представителя.
      2. Дополнительными документами являются:
      1) для лиц, больных заразной формой туберкулеза, выписанных из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, на дополнительное питание:
      справка специализированной противотуберкулезной медицинской организации, подтверждающая нахождение больного на лечении;
      2) молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума, установленного по Костанайской области (далее - прожиточный минимум) за квартал, предшествующий кварталу обращения,  молодежи, относящейся к социально уязвимым слоям населения, продолжающей обучение за счет средств местного бюджета, для возмещения расходов, связанных с получением высшего образования, по фактическим затратам на оплату обучения в организации образования:
      для молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума, сведения о доходах получателя (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      для молодежи, относящейся к социально уязвимым слоям населения, документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      документ, выданный соответствующей организацией образования, подтверждающий место учебы и размер оплаты обучения за учебный год;
      документ, подтверждающий оплату за обучение, предоставляется после совершения оплаты;
      3) для лиц из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      свидетельство о смерти;
      4) для лиц из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, зарегистрированных на день смерти в качестве безработных в уполномоченном органе по вопросам занятости:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      свидетельство о смерти;
      документ, подтверждающий родственные отношения;
      5) для лиц из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      6) для инвалидов всех категорий, без учета доходов, на оперативное лечение в размере стоимости затрат, связанных с лечением:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      документ, подтверждающий стоимость лечения;
      7) для участников и инвалидов Великой Отечественной войны ко дню Победы в Великой Отечественной войне:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае, если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      8) для лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, для других категорий лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае, если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      9) при назначении ежемесячной  дополнительной социальной помощи для участников и инвалидов Великой Отечественной войны, для лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае, если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      3. Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в день подачи заявления.
      4. Для получателей, указанных в подпункте 4) пункта 2 настоящего приложения, уполномоченный орган по вопросам занятости проверяет регистрацию в качестве безработных.