Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіп-тік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының 2, 3 тармақтарына сәйкес, Әулиекөл ауданы әкімінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 02-05/16 хатын қарастырып, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары 2011 жылға ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2011.09.14 № 257 (алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енеді) шешімімен.2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 %-ы мөлшерінде белгіленеді.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Он бесінші сессияның | |
төрағасы, аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | А. Бондаренко |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Әулиекөл ауданының | |
ауыл шаруашылығы бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
бастығы | |
_______ А. С. Нұғыманов | |
2011 жылғы 4 ақпанда | |
"Әулиекөл ауданының | |
экономика және бюджеттік | |
жоспарлау бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
бастығы | |
_______ Т. И. Печникова | |
2011 жылғы 4 ақпанда |