"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға Әулиекөл ауданының барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарында, ұйымдары мен мекемелерінде бостандықтан айыру орнынан шыққан тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыздың шамасында квота белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бостандықтан айыру орнынан шыққан тұлғалардың және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерінің бар бос қызмет жұмыс орындарының квотасына сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдаманы қамтамасыз ету.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. С. Нұғмановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл ауданының әкімі Б. Ғаязов