Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 26.02.2018 № 19 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) ай сайынғы әлеуметтік көмек тұрмыстық қажеттілігі үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға екі жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек, мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, амбулаторлық емделу кезеңіне, қосымша тамақтануға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) біржолғы әлеуметтік көмек, табысына қарамастан барлық топтағы мүгедектерге жедел емделу үшін, нақты жұмсалған шығын бойынша, тек елу айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
4) біржолғы әлеуметтік көмек, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) біржолғы әлеуметтік көмек, аз қамтылған отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Егер баланың қайтыс болу күніне ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелсе, әлеуметтік көмек өтініш берушіге тағайындалады және төленеді.
6) біржолғы әлеуметтік көмек, қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек олар қайтыс болған сәтіне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе, қайтыс болған жұмыссыздардың отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға тағайындалады және төленеді;
7) біржолғы әлеуметтік көмек, Жеңіс күніне орай: Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына бес мың теңге мөлшерінде, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға екі мың теңге мөлшерінде;
8) әлеуметтік көмек, мемлекеттік білім грант иелері және (немесе) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған мемлекеттік бюджеттен өзге де төлемдерді алушылар болып табылатын тұлғалардан басқа, техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі білім және жоғары білім алуымен байланысты шығыстарды өтеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар отбасылардың жастарына. Көмек оқу жылы бойы екі үлеспен аударылатын жылдық оқу құны мөлшерінде көрсетіледі.
2. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып анықталсын.
3. Анықталсын:
1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы және ай сайынғы әлеуметтік көмекті төлеу үшін аудандық комиссияның ұсыныстарын есепке ала отырып қабылданады;
2) тұрмыстық қажеттілігі үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға тенестірілген тұлғаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және алушының қайтыс болуымен немесе оның аудан аумағынан тыс кетуіне байланысты тоқтатылады.
4. Әлеуметтік көмекті тағайындауда бас тарту үшін негіздер болып табылады:
1) өтініш беруші жалған мәліметтер берсе;
2) осы қаулының 1-тармағына сәйкес көмек көрсетілетін азаматар топтарына өтініш берушінің сәйкессіздігі.
5. Әлеуметтік көмекті төлеу банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы алушының банктік шотына ақшалай аудару арқылы төленеді.
6. "Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырылады.
7. Осы қаулының қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі анықталсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктеледі.
9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 01 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Жангелдин ауданының әкімі |
Н. Төлепов |
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Жангелдин аудандық
орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны бас дәрігерінің міндетін
атқарушы
___________________ Р. Нұғманжанова
Әкімдіктің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 42 қаулысына қосымша |
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың ТІЗБЕСІ
1. Көрсетілген 1-тармақтың 7) тармақшасындағы әлеуметтік көмектен басқа әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар болып мыналар табылады:
әлеуметтік көмекке өтініш жасаған адамның өтініші;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
алушының тұрғылықты жерін растайтын құжат;
салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
шоттың нөмірі көрсетілген, алушы шотының бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін- көрсетілген мәртебесінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
2. Әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін тағайындау үшін қосымша мынадай құжаттар беріледі:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына; Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға тұрмыстық мұқтаждықтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, амбулаторлық емделу кезіңінде, қосымша тамақтануға біржолғы әлеуметтік көмек:
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
аурудың амбулаторлық емделуде екенін растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
3) табысына қарамастан барлық топтағы мүгедектерге жедел емделу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек:
мүгедектікті белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;
емделуге арналған шығындарын растайтын құжаттар;
4) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек:
өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға табыстары туралы мәліметтер (жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар тіркелу фактісін тиісті анықтамамен растайды);
5) аз қамтылған отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама;
баланың туу туралы акт жазбасынан үзінді;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан ата-анасының біреуінің немесе өзге де заңды өкілінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
отбасының табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар.
Егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші ритуалдық қызметтен құжаттың көшірмесін немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
6) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан қайтыс болғанның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қарым-қатынастарын растайтын құжаттың көшірмесін (неке туралы куәлік, қайтыс болғанның туу туралы куәлігі, балалардың туу туралы куәліктері) ұсынады. Егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші ритуалдық қызметтен құжаттың көшірмесін немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
7) Жеңіс күніне арналған Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдарға арналған біржолғы әлеуметік көмек:
алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі білім, жоғары білім алуымен байланысты шығыстарды өтеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысымен отбасылардың жастарына әлеуметтік көмек:
отбасының табысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
тиісті оқу орнымен берілген оқу орнын және оқу жылына оқуға төлем мөлшерін растайтын құжат;
оқуға төлемді растайтын құжат төлем жасалғаннан кейін беріледі.
3. Құжаттар салыстыру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда беріледі, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні өтініш берушіге қайтарылады.