Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің 6, 7, 8–тармақтарына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақы мөлшері бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың нақты орындалған жұмыстарға еңбек ақысының төлемі аудандық бюджет қаражатынан төленсін.
3. Мыналар белгіленсін:
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
2) екінші деңгейдегі банктердің жалақыны есептеу мен төлеу бойынша қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары қоғамдық жұмыстарды орындау шартында белгіленген мөлшерлерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және жұмыс беруші арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Аубакировке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 01 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан
әкімі Н. Төлепов
КЕЛІСІЛДІ:
"Жангелдин ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ Д. Бидашев
"Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________________ Л. Зейнекина
"Жанкелді коммуналдық шаруашылық
кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бастығы
_______________________ М. Қалиев
Әкімдіктің
2011 жылғы 3 мамырда
№ 78 қаулысымен бекітілген
2011 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары,
жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақы мөлшері
№ |
Ұйымдардың |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Қоғамдық |
1 |
"Жанкелді |
1. Жұмысшылардың кәсіби |
|
2. Жұмысшылардың кәсіби |
|
||
3. Жұмысшылардың кәсіби |
|
||
4. Жұмысшылардың кәсіби |
|
||
5. Жұмысшының кәсіби |
|
||
6. Жұмысшының арнайы кәсіби |
|
||
7. Жұмысшылардың арнайы |
|
||
8. Жұмысшының арнайы кәсіби |
|
||
9. Жұмысшылардың арнайы |
|
||
10. Жұмысшының арнайы кәсіби |
|
||
11. Жұмысшының арнайы кәсіби |
|
||
12. Жұмысшының арнайы кәсіби |
|
||
13. Жұмысшының арнайы кәсіби |
|
||
14. Жұмысшының арнайы кәсіби |
|
кестенің жалғасы:
№ |
Ұйымдардың атауы |
Қоғамдық жұмыстардың нақты |
Еңбек ақы |
1 |
"Жанкелді |
Қоғамдық жұмысқа |
Ең |