Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2011 жылғы 1 қарашадағы № 248 шешімі. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 желтоқсанда № 9-9-143 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2013 жылғы 18 ақпандағы № 84 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 18.02.2013 № 84 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, біржолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
      2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, бір жолғы, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, біржолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, біржолғы, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, тоқсан сайын, 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, тоқсан сайын, 7,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық мәслихаты
      кезектен тыс сессиясының төрағасы          Т. Ахметов

      Жангелдин аудандық мәслихаты
      хатшысының уақытша міндетін атқарушы       Қ. Омар

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Л. Зейнекина
      2011 жылғы 1 қараша

      "Жангелдин ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Д. Бидашев
      2011 жылғы 1 қараша
 

Мәслихаттың       
2011 жылғы 1 қарашадағы 
№ 248 шешіміне қосымша  

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алушының салық төлеуші куәлігі;
      4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) алушының банктік шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      емделу шығындарын растайтын құжат;
      2) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктеріне:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      3) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      8) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат;
      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін тұрмыстық қажеттіліктерге:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттары үшін, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      4. Осы шешімнің 1-тармағының 4) тармақшасымен қарастырылған жағдайда, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелуін тексереді.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение маслихата Жангельдинского района Костанайской области от 1 ноября 2011 года № 248. Зарегистрировано Управлением юстиции Жангельдинского района Костанайской области 6 декабря 2011 года № 9-9-143. Утратило силу решением маслихата Жангельдинского района Костанайской области от 1 ноября 2013 года № 248

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Жангельдинского района Костанайской области от 01.11.2011 № 84 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", стандартом государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов", утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами", Жангельдинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь следующим категориям нуждающихся граждан:
      1) инвалидам всех категорий, без учета доходов, на оперативное лечение по фактическим затратам, единовременно, не более 50 месячных расчетных показателей;
      2) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды, единовременно, в размере 15 месячных расчетных показателей;
      3) лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей, единовременно, в размере 15 месячных расчетных показателей;
      4) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, на день смерти зарегистрированных в качестве безработных в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Жангельдинского района" (далее - уполномоченный орган по вопросам занятости), единовременно, в размере 20 месячных расчетных показателей;
      5) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне, единовременно, в размере 5 месячных расчетных показателей;
      6) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне, единовременно, в размере 2 месячных расчетных показателей;
      7) лицам, больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, без учета доходов, на дополнительное питание, единовременно, в размере 10 месячных расчетных показателей;
      8) молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума установленного по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, молодежи относящейся к социально уязвимым слоям населения, продолжающей обучение за счет средств местного бюджета, для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального, послесреднего или высшего образования, по фактическим затратам на оплату обучения в организации образования, за исключением лиц, являющихся обладателями государственных образовательных грантов, получателями иных выплат из государственного бюджета, направленных на оплату обучения в организациях образования;
      9) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на бытовые нужды, ежеквартально в размере 12 месячных расчетных показателей;
      10) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, на бытовые нужды, ежеквартально, в размере 7,5 месячных расчетных показателей;
      2. Определить перечень документов, необходимых для получения государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов", согласно приложению к настоящему решению.
      3. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной сессии
      Жангельдинского районного маслихата        Т. Ахметов

      Временно исполняющий обязанности
      секретаря Жангельдинского
      районного маслихата                        К. Омаров

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел занятости
      и социальных программ
      Жангельдинского района"
      ____________ Л. Зейнекина
      1 ноября 2011 года

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел экономики и
      бюджетного планирования
      Жангельдинского района"
      ____________ Д. Бидашев
      1 ноября 2011 года
 

Приложение          
к решению маслихата      
от 1 ноября 2011 года № 248 

Перечень документов, необходимых для получения
государственной услуги "Назначение и выплата социальной
помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
по решениям местных представительных органов"

      1. Обязательные документы:
      1) заявление потребителя, обратившегося за социальной помощью;
      2) документ, удостоверяющий личность получателя, а для несовершеннолетних получателей - свидетельство о рождении;
      3) свидетельство налогоплательщика получателя;
      4) документ, подтверждающий регистрацию по месту жительства получателя;
      5) документ, подтверждающий наличие банковского счета получателя;
      6) при обращении законного представителя получателя, прилагается документ, удостоверяющий личность, и документ, подтверждающий полномочия законного представителя.
      2. Дополнительные документы:
      1) инвалидам всех категорий, без учета доходов, на оперативное лечение по фактическим затратам, единовременно:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      документ, подтверждающий затраты на лечение;
      2) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      3) лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      свидетельство о смерти;
      4) лица из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, на день смерти зарегистрированных в качестве безработных в уполномоченном органе по вопросам занятости:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      свидетельство о смерти;
      документ, подтверждающий родственные отношения;
      5) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      6) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      7) лицам, больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, без учета доходов, на дополнительное питание:
      справка из соответствующей медицинской организации, подтверждающая нахождение на лечении;
      8) молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума установленного по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, молодежи относящейся к социально уязвимым слоям населения, продолжающей обучение за счет средств местного бюджета, для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального, послесреднего или высшего образования, по фактическим затратам на оплату обучения в организации образования, за исключением лиц, являющихся обладателями государственных образовательных грантов, получателями иных выплат из государственного бюджета, направленных на оплату обучения в организациях образования:
      для молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума, сведения о доходах получателя (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      для молодежи, относящейся к социально уязвимым слоям населения, документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      документ, подтверждающий место учебы и размер оплаты обучения за учебный год, выданный соответствующим учебным заведением;
      документ, подтверждающий оплату за обучение;
      9) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на бытовые нужды:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      10) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, на бытовые нужды:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      3. Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в день подачи заявления.
      4. В случае, предусмотренном подпунктом 4) пункта 1 настоящего решения, уполномоченный орган по вопросам занятости проверяет регистрацию в качестве безработного.