Мұқтажды азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 114 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 29 наурызда № 9-14-145 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 578 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2011.10.10 № 578 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына сәйкес, "Қостанай ауданының 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Қостанай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 385 шешімі негізінде (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 9-14-141 нөмірімен тіркелген), "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер түрлері белгіленсін:
      1) тұрмыстық қажеттеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек:
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне төрт есе айлық есептік көрсеткіштін мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға екі жарым есе айлық есептік көрсеткіштін мөлшерінде;
      2) біржолғы көмек:
      он есе айлық есептік көрсеткіштін мөлшерінде жұқпалы туберкулез ауруымен ауыратын, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шыққандарға қосымша тамаққа;
      он бес есе айлық есептік көрсеткіштін мөлшерінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге. Қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органда ата-анасының біреуі немесе заңды өкілі жұмыссыз ретінде ресми тіркелген болса, әлеуметтік көмек өтініш берушіге тағайындалады және төленеді;
      жиырма есе айлық есептік көрсеткіштін мөлшерінде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге. Қайтыс болған сәтінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне, немесе қайтыс болған жұмыссыздың жерлеуін іске асырған тұлғаға әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
      Жеңіс күніне: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне екі есе айлық есептік көрсеткіштін мөлшерінде; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға бір есе айлық есептік көрсеткіштін мөлшерінде;
      нақты келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ жетпіс есе айлық есептік көрсеткіштін мөлшерінде, өрттен немесе су басқаннан зардап шеккен әлеуметтік көмекке мұқтажды, әлеуметтік қорғалатын халықтың саласына жататын отбасыларына (азаматтарға). Төтенше жағдайларды енгізу үшін, негіз болып келетін мән-жайлардың нәтижесінде зардап шеккендерден басқа;
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға), он бес есе айлық есептік көрсеткіштін мөлшерінде;
      3) мемлекеттік оқу гранттарының иелері және (немесе) білім ұйымдарындағы оқуының төлеміне бағытталған мемлекеттік бюджеттен өзге де төлемдер алушылар болып табылатын тұлғалардан басқа, техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі білім, жоғары білім алуымен байланысты шығындарды өтеу үшін, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылар жастарына әлеуметтік көмек оқу жыл ішінде екі тең үлестермен аударылатын, жылдық оқуының құны мөлшерінде көрсетіледі.
      2. Анықталсын:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы уәкілетті орган шешімі он күн ішінде, мұқтажды адамдарға әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі аудандық комиссияның ұсыныстарын есепке ала отырып, қабылданады;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болуына немесе оның аудан аумағының шегінен кетуіне байланысты тоқтатылады.
      3. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту негізі осы қаулының 1-тармағына сәйкес, әлеуметтік көмек алушының көмек көрсетілетін азаматтар санатына сәйкес келмейтіндігі болып табылады.
      4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың түрлеріне тиісті Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы, әлеуметтік көмек алушының ағымды шотына немесе кәртішке базадағы ағымды шотына ақшалай қаражат аудару жолымен, шешім қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде қолма-қолсыз нысанда жүзеге асырылады.
      5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша өткізілсін. Төлем әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған сәтінен бастап бір ай ішінде өткізілсін.
      6. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі анықталсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Қостанай ауданы әкімінің орынбасары С. Кульбековке жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қостанай ауданының әкімі                   А. Ахметжанов
 

Әкімдіктің        
2011 жылғы 28 ақпандағы 
№ 114 қаулысына қосымша 

Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалпы құжаттар:
      әлеуметтік көмекке өтініш беруші тұлғаның өтініші;
      өтініш беруші тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесі;
      тұратын орнын растайтын құжат;
      салық төлеушінің куәлік көшірмесі;
      әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
      шот нөмірі көрсетілген, алушының банк шотын растайтын, құжат көшірмесі.
      Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш берушінің, аталған мәртебесі бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      2. Әлеуметтік көмектің жекеленген түрлерін тағайындау үшін қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) тұрмыстық қажеттеріне ай сайынғы әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
      әлеуметтік көмек алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) жұқпалы туберкулез ауруымен ауыратын, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шыққандарға қосымша тамаққа біржолғы әлеуметтік көмек:
      баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      аурудың емделуде екендігін растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
      3) аз қамтамасыз етілген отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болғаны туралы анықтама;
      баланың туу туралы актілік жазбадан үзінді;
      отбасының табысы туралы мәліметті растайтын құжат:
      қайтыс болғанды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан анықтама;
      4) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болғаны туралы анықтама;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан қайтыс болғанның жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама; егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, онда өтініш беруші жерлеуді жүзеге асырғандығы туралы ритуалдық қызметтен құжаттың көшірмесін ұсынады;
      5) Жеңіс күніне біржолғы әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға:
      әлеуметтік көмек алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      6) ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасыларынан шыққан жастарға, техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі білім, жоғары білім алуға байланысты шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек:
      отбасының табысы туралы мәліметті растайтын құжат;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылындағы оқу төлемінің мөлшерін және оқу орынын растайтын құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат, төлем жасалғаннан кейін ұсынылады.
      7) өрттен немесе су басқаннан зардап шеккен, әлеуметтік көмекке мұқтажды, әлеуметтік қорғалатын халықтың саласына жататын отбасыларына (азаматтарға) нақты зардап мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек:
      қарастырылған төлемге ықпал еткен жағдайды растайтын, тиісті органнан құжат;
      келтірілген зиян сомасын растайтын құжаттар;
      8) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларына) біржолғы әлеуметтік көмек:
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстары туралы мәліметтер.
      3. Салыстыру үшін, құжаттар көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушінің өтініш берген күні өзіне қайтарылады.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающимся граждан

Постановление акимата Костанайского района Костанайской области от 28 февраля 2011 года № 114. Зарегистрировано Управлением юстиции Костанайского района Костанайской области 29 марта 2011 года № 9-14-145. Утратило силу постановлением акимата Костанайского района Костанайской области от 10 октября 2011 года № 578

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Костанайского района Костанайской области от 10.10.2011 № 578.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", на основании решения Костанайского районного маслихата от 21 декабря 2010 года № 385 "О районном бюджете Костанайского района на 2011-2013 годы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9-14-141), в целях реализации бюджетной программы "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов", акимат Костанайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие виды социальных выплат из местного бюджета:
      1) ежемесячную социальную помощь на бытовые нужды:
      инвалидам, участникам, Великой Отечественной войны в размере четырехкратного месячного расчетного показателя;
      лицам, приравненным к участникам, инвалидам Великой Отечественной войны, в размере двух с половиной месячного расчетного показателя;
      2) единовременная помощь:
      больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации на дополнительное питание в размере десяти месячного расчетного показателя;
      на погребение умерших несовершеннолетних детей из малообеспеченных семей в размере пятнадцатикратного месячного расчетного показателя. Социальная помощь назначается и выплачивается получателю социальной помощи, если один из родителей или иной законный представитель на день смерти ребенка зарегистрирован в качестве безработного в уполномоченном органе по вопросам занятости;
      на погребение умерших безработных в размере двадцати кратного месячного расчетного показателя. Социальная помощь на погребение умерших безработных назначается и выплачивается членам семьи, либо лицу, осуществившему погребение умерших безработных, которые на момент смерти были официально зарегистрированы в качестве безработных в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ" акимата Костанайского района (далее уполномоченный орган);
      ко Дню Победы: инвалидам, участникам Великой Отечественной войны в размере двухкратного месячного расчетного показателя; лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам, инвалидам Великой Отечественной войны в размере одного месячного расчетного показателя;
      семьям (гражданам), относящимся к социально защищаемым слоям населения, нуждающимся в социальной помощи в результате ущерба причиненного пожаром, либо затоплением в размере фактического ущерба, но не более семидесяти месячного расчетного показателя. Кроме пострадавших в результате обстоятельств, послуживших основанием для введения чрезвычайного положения;
      гражданам (семьям), имеющим среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума в размере пятнадцати месячного расчетного показателя;
      3) социальная помощь молодежи из семей с доходами ниже прожиточного минимума для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального образования, послесреднего образования, высшего образования, за исключением лиц, являющихся обладателями государственных образовательных грантов, и (или) получателями иных выплат из государственного бюджета направленных на оплату обучения в организациях образования. Помощь оказывается в размере стоимости годового обучения перечисляемого двумя равными долями в течение учебного года;
      2. Определить, что:
      1) решение уполномоченного органа о назначении или об отказе в назначении социальной помощи принимается с учетом рекомендаций районной комиссии по выплате социальной помощи нуждающимся гражданам в течение десяти дней;
      2) ежемесячная социальная помощь участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним, назначается с месяца подачи заявления и прекращается в связи со смертью получателя социальной помощи или его выбытия за пределы территории района.
      3. Основанием для отказа в назначении социальной помощи является несоответствие получателя социальной помощи категориям граждан, которым оказывается помощь в соответствии с пунктом 1 настоящего постановления.
      4. Выплата социальной помощи осуществляется в безналичной форме, путем перечисления денежных средств на текущий счет или текущий счет в карточной базе получателя социальной помощи через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии Национального банка Республики Казахстан на соответствующие виды банковских операций в течение одного месяца со дня принятия решения.
      5. Финансирование социальной помощи производить по бюджетной программе "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов". Оплату производить в течение месяца с момента принятия решения о назначении социальной помощи.
      6. Определить перечень необходимых документов для назначения социальной помощи, согласно приложению к настоящему постановлению.
      7. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Костанайского района Кульбекова С.
      8. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на действия, возникшие с 1 января 2011 года.

      Аким Костанайского района                  А. Ахметжанов
 

Приложение            
к постановлению акимата     
от 28 февраля 2011 года № 114 

Перечень необходимых документов
для назначения социальной помощи

      1. Общие документы для назначения социальной помощи:
      заявление лица, обратившегося за социальной помощью;
      копия документа, удостоверяющего личность заявителя; документ, подтверждающий место жительства;
      копия свидетельства налогоплательщика; копия социального индивидуального кода;
      копия документа, подтверждающего наличие банковского счета получателя, где указан номер счета.
      Для заявителя, являющегося законным представителем несовершеннолетнего ребенка, копия документа, подтверждающего наличие указанного статуса.
      2. Дополнительно для назначения отдельных видов социальной помощи представляются следующие документы:
      1) ежемесячная социальная помощь на бытовые нужды: инвалидам, участникам Великой Отечественной войны; лицам, приравненным к участникам, инвалидам Великой Отечественной войны:
      копия документа, подтверждающего социальный статус получателя социальной помощи;
      2) единовременная социальная помощь больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, на дополнительное питание:
      копия свидетельства о рождении ребенка (для несовершеннолетних детей);
      справка из соответствующего медицинского учреждения, подтверждающая нахождение больного на лечении;
      3) единовременная социальная помощь на погребение умерших несовершеннолетних детей из малообеспеченных семей:
      копия свидетельства о смерти или справка о смерти;
      выписка из актовой записи о рождении ребенка;
      документы, подтверждающие сведения о доходах семьи:
      справка из уполномоченного органа по вопросам занятости о регистрации умершего в качестве безработного;
      4) единовременная социальная помощь на погребение умерших безработных;
      копия свидетельства о смерти или справка о смерти;
      справка из уполномоченного органа по вопросам занятости о регистрации умершего в качестве безработного;
      если погребение осуществлено не членами семьи умершего, заявитель предоставляет копию документа из ритуальной службы об осуществлении погребения;
      5) единовременная социальная помощь ко Дню Победы;
      инвалидам, участникам Великой Отечественной войны лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам, инвалидам Великой Отечественной войны:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя социальной помощи;
      6) социальная помощь молодежи из семей с доходами ниже прожиточного минимума для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального образования, послесреднего образования, высшего образования:
      документы, подтверждающие сведения о доходах семьи;
      документ, пoдтвepждaющий место учебы и размер оплаты обучения за учебный год, выданный соответствующим учебным заведением;
      документ, подтверждающий оплату за обучение, предоставляется после совершения оплаты;
      7) единовременная социальная помощь семьям (гражданам), относящимся к социально защищаемым слоям населения, нуждающимся в социальной помощи в результате ущерба причиненного пожаром, либо затоплением в размере фактического ущерба:
      документ из соответствующих органов, подтверждающий события, влекущие предусмотренную выплату:
      документы, подтверждающие сумму причиненного ущерба;
      8) единовременная социальная помощь гражданам (семьям), имеющим среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума:
      сведения о доходах за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      3. Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в день подачи заявления.