Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2011.08.15 № 346 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдердің мынадай түрлері белгіленсін:
1) тұрмыстық мұқтаждықтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне айлық есептік көрсеткіштің төрт мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген адамдарға айлық есептік көрсеткіштің екі жарым мөлшерінде әлеуметтік көмек;
2) мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, амбулаторлық емделу кезеңінде, қосымша тамақтануға айлық есептік көрсеткіштің он мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
3) барлық санаттағы мүгедектерге кірісін есепке алмағанда жедел емделуге нақты шығыны бойынша елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын біржолғы әлеуметтік көмек;
4) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға) айлық есептік көрсеткіштің он бес мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
5) аз қамтылған отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің он бес мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек. Егер баланың қайтыс болу күніне ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелсе, әлеуметтік көмек өтініш берушіге тағайындалады және төленеді;
6) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда қайтыс болған жұмыссызды жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек олар қайтыс болған сәтіне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе және қайтыс болған жұмыссыздардың отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға тағайындалады және төленеді;
7) Жеңіс күніне байланысты біржолғы әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне бес мың теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне теңестірілген адамдарға екі мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
8) мемлекеттік білім грант иелері және (немесе) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған мемлекеттік бюджеттен өзге де төлемдерді алушылар болып табылатындардан басқа, техникалық, кәсіптік білім, орта кейінгі білім және жоғары білім алуымен байланысты шығыстарды өтеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысымен отбасылардың жастарына әлеуметтік көмек. Көмек оқу жылы бойы екі үлеспен аударылатын оқу құны көлемінде көрсетіледі.
2. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін (бұдан әрі-уәкілетті орган).
3. Мыналар білгіленсін:
1) әлеуметтік көмекті тағайындауда уәкілетті органның тағайындау немесе бас тарту шешімі азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы және ай сайынғы әлеуметтік көмекті төлеу аудандық комиссияның ұсыныстарын есепке ала отырып қабылданады;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларының, мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдарының тұрмыстық мұқтаждықтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген күннен бастап тағайындалады және өтініш берушінің қайтыс болуымен немесе оның аудан аумағынан тысқары кетуіне байланысты тоқтатылады.
4. Әлеуметтік көмекті төлеу банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
6. Осы қаулының қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі белгіленсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х. С. Қуатқановқа жүктелсін.
8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
Аудан әкімі Б. Кеңесбаев
КЕЛIСIЛДI:
"Науырзым ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
_________________ Ә. Сансызбаев
Әкімдіктің
2011 жылғы 5 сәуірдегі
№ 106 қаулысына қосымша
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін
қажетті құжаттардың ТІЗБЕСІ
1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін міндетті құжаттар:
әлеуметтік көмекке өтініш жасаған адамның өтініші;
өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғылықты жерді растайтын құжат;
салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
шоттың нөмірі көрсетілген, алушы шотының бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатын өтініш беруші үшін - көрсетілген мәртебесінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
2. Әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін тағайындау үшін қосымша мынадай құжаттар беріледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларының, мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдарының мұқтаждықтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек:
алушының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, амбулаторлық емделу кезіңінде, қосымша тамақтануға біржолғы әлеуметтік көмек:
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
аурудың амбулаторлық емделуде болғанын растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
3) жедел түрде емделу үшін мүгедектердің барлық топтарына кірісін есепке алмағанда біржолғы әлеуметтік көмек:
емнің шығының растайтын құжат;
алушының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) айына жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек:
өтініш білдірушіден өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының кірісін растайтын анықтама;
5) аз қамтылған отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама;
баланың туу туралы акт жазбасынан көшірме;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан ата-анасының біреуінің немесе өзге де заңды өкілінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
отбасының табысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар.
Егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші ритуалдық қызметтен құжаттың көшірмесін немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжатты береді;
6) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге біржолғы әлеуметтік көмек:
қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан қайтыс болғанның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылса, өтініш беруші туыстық қарым-қатынасты растайтың құжаттың көшірмесін (неке туралы куәлік, қайтыс болғанның туу туралы куәлігі, балалардың туу туралы куәліктері) береді. Егер жерлеу қайтыс болғанның отбасы мүшелерімен жүзеге асырылмаса, өтініш беруші ритуалдық қызметтен құжаттың көшірмесін немесе жерлеуді жүзеге асырғанын растайтың құжатты береді;
7) Жеңіс күніне арналған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек;
8) техникалық және кәсіптік білім, ортадан кейінгі білім, жоғары білім алуымен байланысты шығыстарды өтеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысымен отбасылардың жастарына әлеуметтік көмек:
отбасының табысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
тиісті оқу орнымен берілген оқу орнын және оқу жылына оқуға төлем мөлшерін растайтын құжат;
оқуға төлемді растайтын құжат төлем жасалғаннан кейін беріледі.
3. Құжаттар салыстыру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда беріледі, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні өтініш берушіге қайтарылады.