Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 25.06.2015 № 257 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес және жерлерді аймақтау сұлбасы негізінде Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жер салығының ставкалары, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 378, 379, 381, 383-баптарымен белгіленген жер салығының базалық ставкаларының елу пайызға жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы А. Сәрсенов
Аудандық мәслихаты хатшысының м.а. С. Қосшығұлов
КЕЛІСІЛДІ:
"Сарыкөл ауданы бойынша
салық комитеті" мемлекеттік
мекемесі бастығының м.а.
__________ М. Бекпасов
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________ С. Шармұхаметов