Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 11.03.2014 N 1-11/43 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағы 2) тармақшасы және 47-бабының 4 тармағы 1) тармақшасы негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласының жалпы білім беру мектептерінің, арнайы түзеу мектеп-интернатының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
1) аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына;
2) көп балалы отбасыларының балаларына;
3) мүгедек балаларға;
4) қамқорлықта (қорғаншылықта) және патронатта тұрған балаларға қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру жеңілдігі, қосымшаға сәйкес, берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың жоспар және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев
Ақсу қалалық мәслихатының
2011 жылғы 25 наурыздағы
(IV сайланған XXXIII сессия)
N 284/33 шешіміне
қосымша
Ақсу қаласында қалалық қоғамдық көлікте
(таксиден басқа) жеңілдетілген жол жүру
құқығы берілген балалардың тізімі
N |
Балалар санаттарының атауы |
Черемушки, Беловка және Ақсу кенттеріне бару үшін жеңілдетілген (тегін) жол жүруді қажет ететін балалар саны |
1 |
Аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары |
25 |
2 |
Көп балалы отбасыларының балалары |
2 |
3 |
Мүгедек балалар |
1 |
4 |
Қамқорлықта (қорғаншылықта) және патронатта тұрған балалар |
3 |
5 |
Ақсу кентінің N 3 арнайы түзеу мектеп-интернатының тәрбиеленушілері |
43 |
Барлығы |
74 |