Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) ірі жем - шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек беру туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы N 100/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 03 наурызда N 12-3-291 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 06 қаңтардағы N 22/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 06.01.2012 N 22/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31 бабының 1 тармағына 14) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XХVII сессия) "2011 - 2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 309/27 шешімін орындау мақсатында, ауылдық жерлерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларын (тұлғаларды) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі - Комиссия) бекітілсін.
      2. Отбасының әр мүшесі үшін жиынтық айлық табысы белгіленген күнкөріс шегінен төмен Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) 20 000 теңге мөлшерінде ірі жем-шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек алу құқы белгіленсін.
      3. Ірі жем-шөп сатып алуға біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мына құжаттарды тапсыру қажет:
      1) өтініш;
      2) отбасының әр мүшесінің кірісін растайтын анықтама;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) қосалқы шаруашылығы барлығы туралы анықтама;
      5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      6) жеке куәлігінің көшірмесі;
      7) "Қазпошта" акционерлік  қоғамы пошта бөлімшесінен немесе екінші деңгейдегі банктердегі есеп шоты.
      4. Ірі жем-шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек осы қаулының 3 тармағында көрсетілген құжаттар түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Комиссияның шешімімен тағайындалады.
      5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Қ. Базарбаева) комиссия төлем тағайындалғандығы туралы шешім шығарғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде қаланың бюджетімен көзделген қаржы аясында ірі жем - шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      6. Көзделген іс-шаралардың сапалы іске асырылуына, аз қамтамасыз етілген  азаматтарға қаражаттың түсірілуіне жауапкершілік "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін  он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.М. Күлжанға жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 11 ақпандағы  
N 100/1 қаулысымен    
бекітілді        

Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз
етілген отбасыларына (тұлғаларға) ірі жем–шөп сатып
алу үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау
жөніндегі комиссия құрамы

Нұрлан Мұқатайұлы Күлжан

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Әлия Қоқышқызы Базарбаева

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекеме бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары;

Серік Маратұлы Қайырбеков

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері

Бибігүл Мүбаракқызы Аманова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;

Жаңылсын Ералықызы Хамитова

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы.

О выплате единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов малоимущим семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 11 февраля 2011 года N 100/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 03 марта 2011 года N 12-3-291. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 06 января 2012 года N 22/1

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 06.01.2012 N 22/1.

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", во исполнение решения Экибастузского городского маслихата (очередная XXVII сессия, IV созыв) от 23 декабря 2010 года N 309/27 "О бюджете города Экибастуза на 2011 - 2013 годы", в целях поддержки малоимущих семей (лиц), проживающих в сельской местности, акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый состав комиссии по назначению единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов малоимущим семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза (далее - Комиссия).
      2. Установить, что право на получение единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов в размере 20 000 тенге имеют малоимущие семьи (лица), проживающие в сельской местности города Экибастуза, с совокупным месячным доходом на каждого члена семьи ниже установленного прожиточного минимума.
      3. Для получения единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов, необходимо представить в государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза" следующие документы:
      1) заявление;
      2) справки, подтверждающие доход всех членов семьи;
      3) копию книги регистрации граждан;
      4) справку о наличие подсобного хозяйства;
      5) регистрационный номер налогоплательщика;
      6) копию удостоверения личности;
      7) номер лицевого счета в почтовом отделении акционерного общества "Казпочта" или банках второго уровня.
      4. Единовременная материальная помощь на приобретение грубых кормов назначается решением Комиссии в течение 10 календарных дней со дня поступления документов указанных в пункте 3 настоящего постановления.
      5. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза" (Базарбаева А.К.) после вынесения решения комиссией о назначении выплат, в течение 5 рабочих дней произвести финансирование единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов в рамках средств, предусмотренных бюджетом.
      6. Ответственность за качественную реализацию намеченных мероприятий, поступления средств малоимущим гражданам возложить на государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза".
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      8. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Экибастуза Күлжан Н.М.

      Аким города Экибастуза                     А. Вербняк

Утверждено      
постановлением акимата   
города Экибастуза     
от 11 февраля 2011 года N 100/1

Состав комиссии по назначению единовременной материальной
помощи на приобретение грубых кормов малоимущим
семьям (лицам), проживающим в сельской местности
города Экибастуза

Күлжан Нұрлан Мұқатайұлы

- заместитель акима города Экибастуза, председатель комиссии;

Базарбаева Алия Кокишевна

- исполняющая обязанности начальника государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза", заместитель председателя комиссии;

Каирбеков Серик Маратович

- главный специалист государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза", секретарь комиссии;

Члены комиссии

Куспеков Булат Кайыржанович

- начальник государственного учреждения "Отдел экономики и бюджетного планирования акимата города Экибастуза";

Хамитова Жанылсын Ералыновна

- начальник государственного учреждения "Отдел внутренней политики акимата города Экибастуза";

Дюсенбаев Кенжебек Дюсенбаевич

- начальник государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства и ветеринарии акимата города Экибастуза".